Еліміздегі облыстардың бірінде демалыс күндеріне локдаун енгізіледі

Павлодар облысында демалыс күндеріне локдаун енгізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша Павлодар облысында демалыс күндері бірқатар қоғамдық нысанның жұмысына тыйым салынады. Карантин шаралардың күшеюі коронавирус жұқтырғандар саны өсуімен байланысты.

Шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулыны өңірдің бас санитар дәрігері қабылдады. Өзгерістер қоғамдық тамақтану объектілерінің, жабық базарлардың, сауда үйлері мен орталықтардың, қоғамдық көліктің, қалааралық және ауданаралық жолаушылар тасымалының жұмыс режиміне қатысты.

«Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы сағат 9-дан 20.00-ге дейін және жеткізу 22.00-ге дейін қысқарады. Сенбі және жексенбі күндері сауналар, салқын базарлар, сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес дүкендер мен қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады. Бұдан басқа, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады», — деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Ғизат Әбешев.

Жаңа қаулы 20 қаңтар сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...