Еліміздегі мектеп асханаларына соңғы үш жыл бойы тексеріс жүргізілмеген

Республика бойынша мектеп асханаларына соңғы үш жыл бойы тексеріс жүргізілмеген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларындағы балаларды тамақпен қамту жүйесіне қатысты берген жауабында айтты, — деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі. 

Министрлік 2020-2023 жылдары мектеп асханаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша ешбір тексеріс жүргізілмегенін жазды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Мassaget.kz тілшісіне берген жауабында мәлімдеді. Оны олар шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау себебімен түсіндірді:

«2020-2023 жылдар аралығында шағын және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау себебінен мектеп асханаларын тексеру іс жүзінде жүргізілмеді, өйткені жалға алушылардың көпшілігі (шамамен 90%) шағын бизнес санатына жатады. Мектептегі ас блоктары эпидемиялық мәні жоғары объектілер санатына жатады, оларға қатысты рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру (жарты жылда бір реттен жиі емес), бақылау және қадағалау субъектісіне бару (жылына екі реттен жиі емес) және бақылау және қадағалау субъектісіне бармай, профилактикалық бақылау (жарты жылда бір реттен жиі емес) және жоспардан тыс тексеру тек қана рұқсат беру талаптарына заңбұзушылықтардың расталған фактілерінің болуына қарай жүзеге асады», – делінген министрлік жауабының мәтінінде. 

Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайларды тексеру тек атаулы факті тіркелгенде ғана орындалатыны айтылды. 

«Өз кезегінде нақты растайтын фактілер мен арыз-шағымдар тіркелген жағдайда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттерінде жоспардан тыс тексеру тіркеліп, санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Тексеріс жұмыстары бойынша қаражат бөлінген емес»,– деп жауап берді құзырлы мекеме. 

Бақылау жұмыстары күшейтіледі

Ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) сәйкес, нысандарды сотқа бермей, объектінің қызметін тоқтата тұру, қауіпті өнімді алып қою және жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шараларын қабылдау бойынша санэпидқызмет органдарына құзырет беру бөлігінде объектілерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейтуді көздейтін түзетулер арқылы мектеп асханаларындағы жағдайдың жіті тексеруге түсетіні аталды.

«Министрлік санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін мектеп асханаларына қатысты, оның ішінде санитарлық эпидемиологиялық қорытынды болмаған кезде, сәйкес келмейтін өнімді сатуға тыйым салу және медициналық тексеру болмаған жағдайда қызметкерлерді жұмыстан уақытша шеттету жөнінде тиісті ден қою шараларын қабылдайтын болады», – делінген мәтінде. 

2 миллионға жуық оқушы мектепте тегін тамақ ішеді

Елімізде былтырдан бері 753 мектепте асханалар жаңғыртылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі редакцияға берген ресми жауабында жазды.

«2023 жылдың басынан бері 753 мектепте (2023 жылы – 263 мектеп, 2024 жылы – 490 мектеп) асханалар жаңғыртылды. Қазіргі уақытта 403 мектепте өңірлердің әкімдіктері модульдік асханалардың ашылуымен және кейтеринг арқылы буфеттік тамақтандыруды ұйымдастырды», – делінген министрлік мәлімдемесінде. 

Сондай-ақ биыл бастауыш және әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларды мектептерде тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін 164,2 миллиард теңге бөлінгені айтылды. 

«Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн астам оқушы (бастауыш сыныпта – 1,4 млн оқушы, әлеуметтік осал топ санатынан шыққан 340 мыңнан астам 5-11 сынып оқушылары) тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 164,2 млрд теңге бөлінді», – деп жауап берді министрлік. 

Қоса кетсек, биыл 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында 140-тан астам оқушы астан уланып, медициналық мекеме көмегіне жүгінген болатын. Екі оқушының жағдайы аса ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Кейіннен мектеп асханасын санитарлық-эпидемиологиялық жоспардан тыс тексеру барысында өрескел санитарлық заңбұзушылықтар анықталған еді. Мұнайлы аудандық Полиция басқармасымен №244450031000356 қылмыстық кодекстің – 1-бөлімі 304-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. 

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 5 жылда мектеп оқушылары арасында тамақтан уланудың 25 дерегі тіркелді. Оның ішінде: Алматы облысы 2 дерек тіркеліп, 12 бала; Ақтөбе облысында 2 жағдай орын алып, 29 бала; БҚО-да 1 дерек тіркеліп, 4 бала; Павлодарда 3 жағдай болып, 40 бала, Астанада 4 дерек орын алып, 31 бала, Шымкентте 2 дерек тіркеліп, 19  бала зардап шеккен. Ал ШҚО-да бес жылда үш жағдай орын алып, 217 бала астан уланған. Қостанайда бір жағдайдан 12 бала, Түркістанда үш бала зардап шеккен.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.