Еліміздегі көліктер саны есептелді

Қазақстанда тіркелген көліктер саны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«2025 жылғы наурызда 147 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайыз артық», -делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 937,7 мың болған, оның ішінде 88,2 пайыз – жеңіл автомобильдер, 9,9 пайыз – жүк автомобильдері және 1,9 пайыз – автобустар.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.