Елімізде жаңа айыппұл күшіне енді

Қазақстанда тағы бір айыппұл күшіне енді. Сауда және интеграция министрлігі толығырақ түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне (ӘҚБтК) өзгерістер енгізу мақсатында ҚР Әділет министрлігі заң жобасын ұсынды. Осы өзгерістердің нәтижесінде 204-4 бапқа түзетулер енгізіліп, 2025 жылдың 13 наурызында күшіне енді.

«Негізгі жаңалық – бірінші рет заң бұзғаны үшін бұрын ескерту берілетін болса, енді бірден айыппұл салынады. Бұл өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15 пайыздан асырған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады», — делінген хабарламада.

Бұрын, бірінші рет заң бұзушылық жасаған кәсіпкерге тек ескерту беріліп, айыппұл тек 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда ғана қолданылатын. Енді бірінші рет заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшері келесідей болады:

  • Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 теңге);
  • Орташа бизнес – 35 АЕК (137 620 теңге);
  • Ірі сауда желілері – 150 АЕК (589 800 теңге).

Егер бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.

Бұл өзгерістердің мақсаты – әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсу тәуекелдерін төмендету. Қазір сауда нүктелеріне бақылау күшейтіліп жатыр. Сонымен қатар, әр кәсіпкер ӘМАТ-қа белгіленген 15 пайыздық шекті сауда үстемесі сақтауы тиіс.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар индексі өткен аптада 0,3 пайызға өсті. Жалпы, бағаның өсу динамикасы 2025 жылдың қаңтар және ақпан айымен салыстырғанда төмендеген.

«Өткен аптада нан, рожки, қарақұмыс, күнбағыс майы, кефир және тұз сияқты тауарлардың бағасы тұрақты болды. Сиыр еті, қырыққабат пен картоп бағасының аздаған өсімі байқалады. Жалпы көкөніс бағасының өсуі маусымаралық кезеңге, қойма мен көлік шығындарының, коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне байланысты».

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.