Елімізде тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатаңдатылмақ

Елімізде тамақ жеткізу қызметінде талап қатаңдатылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Мәліметке сүйенсек, жаңа жылдан бастап күшіне енген жаңа ереже бойынша енді жеткізушінің жеке деректері тексеріледі. Бірыңғай стандартқа сәйкес курьерлерде жеке медициналық кітапша болуы керек. Әрі олардың кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуі де міндеттеліп отыр. Мұнымен қоса мінез-құлық сипаты, көпшілікпен қарым-қатынасы да ескерілген.

Ал тұтынушыға жеткізілетін тапсырыстың қауіпсіздігі мен сыртқы зақымдануын анықтау үшін өнімді тексеру мүмкіндігі беріліп отыр.

Айта кетейік, жаңа норма тұтынушылар құқығын қорғау мен тамақ жеткізу қызметі сапасын арттыруға бағытталған.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...