Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент пен Оралда жаңбыр жауады. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +3…+21 градус аралығында болады. Ал түнде кей өңірлерде аяз -8 градусқа дейін жетеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалаларда ауа райы қандай болады?

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -2…-4, күндіз +5…+7 градус болады.

Алматыда да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +4…+6, күндіз +16…+18 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +5…+7, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде 0…+2, күндіз +11…+13 градус болады.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +7…+9, күндіз +18…+20 градус болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5, күндіз +14…+16 градус болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -3…-5, күндіз +9…+11 градус болады.

Қарағандыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы -6…-8 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +6…+8 градус болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде -2…-4, күндіз +5…+7 градус болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +3…+5, күндіз +16…+18 градус болады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде -4…-6, күндіз +6…+8 градус болады.

Қызылордада аздаған бұлт шығады. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+3, күндіз +16…+18 градус болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі. Түнде -2…-4, күндіз +5…+7 градус болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2…-4, күндіз +3…+5 градус болады.

Семейде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде 0…+2, күндіз +6…+8 градус болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде -4…-6, күндіз +16…+18 градус болады.

Таразда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус болады.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +4…+6, күндіз +19…+21 градус болады.

Оралда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+4, күндіз +9…+11 градус болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде -1…-3, күндіз +5…+7 градус болады.

Түнде аяз күшейеді

4 қарашада ең төмен ауа температурасы Қарағандыда тіркеледі: түнде -6…-8 градусқа дейін суытады. Жезқазған мен Қостанайда -3…-6, Талдықорғанда -4…-6 градус аяз болады.

Ал күндіз ең жылы ауа райы Түркістанда күтіледі. Мұнда ауа температурасы +19…+21 градусқа дейін көтеріледі. Шымкент пен Таразда +18…+20, Ақтау мен Алматыда +16…+20 градус болады.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.