Елімізде сәбіз экспортына шектеу енгізілуі мүмкін

Елімізде сәбіз экспортына үш айлық уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шараның мақсаты – азық-түлік тапшылығын болдырмай, бағаны тұрақты ұстау, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz порталына сілтеме жасап.

Дегенмен Павлодар облысының фермерлері сәбізге сұраныс қазірдің өзінде төмендеп кеткенін алға тартты. Ал экспорт шектелсе өнімді өткізу тіптен қиындайды дейді олар. Мәселеге Мәжіліс депутаттары да назар аударды.

Өңірде сәбіз өсіретін шаруашылықтар өте көп. Қоймаларда өнімнің жеткілікті көлемі сақтаулы. Әдетте артық өнім экспортқа шығарылатын. Биыл өнімге сұраныс болмай тұр. Мұны ауылшаруашылық саласының басшылығы да жоққа шығармады.

Бүгінгі таңда көкөніс қоймаларында сатуға арналған 64 мың тонна сәбіз сақталған. Шаруашылықтардың тізімі де қолымызда бар. Сол 64 мың тонна өнімнің 30 мың тоннадан астамы тоңазытқыш жабдықтарымен қамтамасыз етілмеген көкөніс қоймаларында сақталуда. Ақпан айының соңына қарай өнім сапасы төмендеп, бұзыла бастайды, — дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әділ Исин.

Зейнолла Сәлменбаев сәбізді логистикалық тұрғыдан жақын орналасқан Ресейдің Новосібір, Кемерово, Омбы, Томск қалаларына жөнелтіп келген. Аталған бағыттарға дейінгі арақашықтық шамамен 500–600 шақырым. Қазіргі таңда сәбіз экспортына шектеу қою мәселесі қарастырылып жатыр. Фермер жағдай осылай жалғаса берсе, егіс алқаптарының көлемін қысқартуға тура келетінін айтады.

Біз 200 гектарға егетін едік, енді 50 гектар егетін шығармыз, көп егуге шамамыз келмейді. Біз қазір сәбізді 70-80 теңгеден беріп жатырмыз. Дүкенге барсаң, сәбіз 170-180 теңгеден тұрады. Өндіруші мен алушының ортасында делдалдар тұр ғой, — дейді шаруа қожалығының басшысы.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов экспортқа салынған тыйымдардың ел экономикасына теріс әсер ететініне сенімді. Оның айтуынша, бұл Қазақстанның Еуропа мен Азия нарығындағы үлесін азайтады.

Экспорт деген бүгін бар, ертең жоқ. Бүгінгі күні біз катопты да, сәбізді де көбінесе Өзбекстан мемлекетіне экспорттаймыз. Бізде Ресей Федерациясымен бәскелестік бар. Егер біз сатпайтын болсақ, ол жерге өнім Ресейден барады да, содан кейін біздің көрші мемлекет соған үйреніп алады. Қазақстан біресе ашып, біресе жауып жүріп, ертеңгі күні экспорттай алмай қалады. Ондай фактілер бүгінгі күні де бар, — дейді депутат.

Оның айтуынша, шектеулер азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қауіп төнген жағдайда ғана енгізілуі тиіс. Ал күзде мол өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген шаруалар шыққан шығынды ақтай алмай қаламыз деп қауіптенеді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.