Елімізде қанша қайырымдылық қоры тіркелген?

Қайырымдылық қорын басқарған Перизат Қайратқа қатысты істен кейін жұрттың көкейінде қайырымдылық қорларға деген күмән қалыптасты. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда осындай қанша қор барын анықтады.

Әділет министрлігінің Massaget.kz-ке берген ресми жауабына сүйенсек, 2024 жылғы желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда атауында «қайырымдылық» (қорлар, мекемелер) сөзі бар 1353 заңды тұлға тіркелген:

  • 2023 жылы 504-і тіркелген;
  • 2024 жылы 427-сі тіркелген.

Ең көп қор қай қалаларда тіркелген?

Ең көп қор Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тіркелгені белгілі болды.

Қайырымдылық қорын тіркеу үшін қандай талап қойылады?

Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қорды мемлекеттік тіркеу үшін мына құжаттар ұсынылады:

  • жарғы,
  • құрылтай шарты (құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде),
  • жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі,
  • атқарушы органды тағайындау туралы алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) шешімі,
  • мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Қанша қайырымдылық қоры тіркеуден шығарылған?

Кейінгі екі жылда ерікті түрде 455, мәжбүрлеу тәртібімен 250 қор таратылған.

Қайырымдылық қорларын кім қадағалайды?

Ресми мәліметке сүйенсек, Мәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық, волонтерлік қызмет, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн платформалар салаларындағы басшылықты, мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат — Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету, Газа секторындағы гуманитарлық миссиялар және басқа да қайырымдылық шараларымен айналысып, қоғамда беделге ие болды.

14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

Ол 2023 жылғы қарашада Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинап, оның 200 миллионын қалтасына басқан деген күдікке ілінді. ҚМА дерегінше, 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат Sensata Plaza элиталық кешенінен 49 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 миллион теңгеге Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic маркалы жаңа көлік сатып алған.

16 қарашада Астана қаласының тергеу соты Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынғанын хабарлады. 

13 желтоқсанда Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері бұғатталды. Сондай-ақ Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т.б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киімдері, аяқкиімі, зергерлік бұйымдары, сөмкелері тәркіленді. 

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.