Елімізде қанша әйел адам бар?

Қазақстанда халық саны бойынша әйелдер үлесі — 51,1%, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандағы әйелдер саны — 10 381 377, бұл — еліміздегі жалпы халық санының 51,1%-ы.

Кейінгі он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Әйелдердің 64,4%-ы қалада, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.

Өңірлер бойынша статистика қандай?

Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді: мұнда 1,2 млн әйел тұрады. Екінші орында Түркістан облысы тұр, мұнда 1 млн әйел тұрады, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана тұр.

Кейінгі он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған: 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.

Жас ерекшелігі бойынша

Жасы бойынша әйелдердің 3,3 миллионы — 18 жасқа дейінгілер, 18-60 жас аралығындағылардың саны — 5,3 млн, 60 жастан асқандар саны — 1,7 млн.

Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы — 34,1 жас.

Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі cалада жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.