Елімізде қандай дәрігерлер жетіспейді?

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы өте өзекті мәселе екенін мәлімдеді. Ол Қазақстанда қандай мамандар жетпейтінін де айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Депутаттың сөзінше, ауылдық жерлерде ғана емес, елорда да, облыстарда да мамандар жетпейді.

«Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласына орасан зор қаржы бөлініп жатыр, бірақ әзірге халықтың толық сұранысына қолжеткізу мүмкін болмай отыр. Еліміздегі көптеген медициналық ұйымда материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткілікті болса да, «бәрін кадр шешеді» мәтелі маңызын жойған жоқ», – деді депутат.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңында 4 864 дәрігер жетпейтіні анықталған. Әсіресе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дәрігер тапшылығы, сондай-ақ, бірқатар ауыл, ауданда да маман жетіспеушілігі байқалады.

Сұранысқа ие мамандықтар қатарына терапевтер, анестезиологтар және акушер-гинекологтар жатады. Сенатор Денсаулық сақтау министрлігіне мәселені шешу үшін бірқатар нақты шараны ұсынды.

«Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурсы мәселесі бойынша «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі заңнамалық акті жобасын Парламенттің қарауына енгізу жөніндегі жұмысты жеделдетуі қажет. Денсаулық сақтаудың тиімді кадр саясатын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлеу мен бекітуді қарастыру керек. Қолданыстағы заңнама бойынша көпсалалы университет клиникаларын құру мәселесі бойынша жұмысты аяқтау керек», — деді сенатор.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.