Елімізде пәтер сатып алу тәртібіне өзгеріс енгізілмек

Қазақстан Ұлттық банкі тұрғын үй сатып алу тәртібіне өзгерістер енгізетін түзетулер әзірледі. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк жариялаған қаулы жобасында енді құрылыс жүргізіліп жатқан үйден үлес сатып алатын қазақстандықтар тек қолма-қол ақшасыз тәсілмен, яғни банк арқылы төлем жасауы тиіс екені айтылған. Жаңа құрылыстан пәтерді қолма-қол ақшаға сатып алуға болмайды.

Бұл – құрылыс нысанындағы үлесті сатып алу мәмілелері туралы (яғни адам салынып жатқан үйге инвестиция салып, соның орнына пәтер алуға құқық алады) келісімшарттарға қатысты. Мұндай жағдайларда төлем тек қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асады – ақша банктер немесе төлем жүйелері арқылы аударылуы қажет.

Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, бұл өзгерістер:

  • үлестік құрылысқа қатысушылардың;
  • қаржылық операциялар жасайтындардың;
  • төтенше жағдайлардан кейін көмек алатын азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Ұлттық банк қаулысының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Ол 15 шілдеге дейін жалғасады.

Бұған дейін Парламент үлестік құрылысқа бақылауды күшейтетін заңды қабылдаған еді.

Ол заң қабылданғаннан кейін не өзгереді:

  • салынып жатқан үйлердегі пәтерлер мен коммерциялық нысандарға алдын ала сатып алу-сату келісімшарттарын жасауға тыйым салынады – енді тек рұқсаттар алынғаннан кейін ғана;
  • құрылыс салушыда үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы болмаса, ол жаңа үйлерді жарнамалай алмайды;
  • әкімдіктер құрылысқа кім және қалай ақша жинап жатқанын бақылап отырады;
  • рұқсаты жоқ үйлерге ипотека беруге тыйым салынады;
  • барлық есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі, бұл көлеңкелі схемаларды болдырмау үшін;
  • құрылыс мерзімін ұзарту уақыты 9 айдан 5 айға дейін қысқарды.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.