Елімізде күзден бастап дәрі-дәрмекті таңбалау тарифы енгізілмек

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері заңсыз айналымда жүрген препараттарды анықтау үшін бірінші қыркүйектен бастап елімізде дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалау тарифін енгізбек. Алайда дәріхана иелері бұның дәрі-дәрмектің қымбаттауына әкеп соғатынын айтуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Таңбалау құны 2 теңге 4 тиын болады. Енді 1 шілдеден бастап шығарылған дәрілердің арнайы штрих коды болмаса ол заңсыз болып есептеліп, тәркіленуі тиіс. Ал заңға бағынбаған дәріхана иелеріне айыппұл салынады. Дәріхана иелері бұның қосымша шығын екенін айтып, дәрілердің бағасын өсіретіндерін ескертті.

“Өйткені бұған бір қызметкер үлгермейді. Оның уақыты жетпейді. Сол себепті қосымша тағы бір адамды жалдауымыз керек болады. Оған кемі 150-200 мың теңге төлеуіміз керек”,- деді ҚР Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаров.

Алайда денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша цифрлық таңбалауды енгізу елге контрабандалық жолмен кіргізілетін және заңсыз сатылымда жүрген дәрі-дәрмектерді анықтауға септігін тигізеді. Бірақ баға саясатына айтарлықтай әсер етпейді.

“Қазіргі таңда ҚР-да 6 мыңнан астам дәрілік затқа шекті баға белгіленген. Сол шекті бағадан дәріхана ұйымдары асырып сата алмайды. Егер ондай жағдай анықталса, онда ол дәріхана иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынады. Сондықтан олар белгіленген шекті бағаны сақтауға міндетті және сақтайды”,- деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Әсия Молдиманова.

іАлайда дәріхана өкілдері министрлік айтқандай бағаны реттеп, ұстап тұра алмайтындарын жеткзді. Себебі, мұндай шектеу табыс әкелмейтіндіктен дәріханалар бірінен соң бірі жабылуы мүмкін дейді.

Абай облысында 20 жастағы қызды пышақтап өлтірген бұрынғы жігіті 14 жылға сотталды

Семейде 20 жастағы Дильназ Жұмағұлова аяусыз пышақтап өлтірген жас...

Қазақстанда жедел жәрдем қызметі жаңа тәртіппен жұмыс істейді

Қазақстанда жедел жәрдем көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді....

Мәслихат сайлауы қалай өтеді? Негізгі күндері белгіленді

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын өткізу жөніндегі іс-шаралар...

Ұлттық қор – балаларға: 2026 жылы әр балаға 130,71 доллардан берілді 

Мемлекет басшысы 2022 жылғы Жолдауында ұлттық байлықты әділ бөлу...

На пороге нового этапа

МЕСТНАЯ ПРЕДСТАВИТЕЛЬНАЯ ВЛАСТЬ МОЖЕТ ОБНОВИТЬСЯ РАНЬШЕ УСТАНОВЛЕННОГО СРОКА. ПРЕЗИДЕНТ ОБСУДИЛ ДОСРОЧНОЕ ПРЕКРАЩЕНИЕ ПОЛНОМОЧИЙ МАСЛИХАТОВ ВСЕХ УРОВНЕЙ – ОТ РАЙОННЫХ ДО ОБЛАСТНЫХ. ОСНОВАНИЯ ДЛЯ ДАЛЬНЕЙШИХ ДЕЙСТВИЙ ТЕПЕРЬ ОПРЕДЕЛИТ ПРИНЯТОЕ ГЛАВОЙ ГОСУДАРСТВА РЕШЕНИЕ.