Елімізде ипотекалық несие бойынша шекті мөлшерлеме төмендетілді»

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық шекті мөлшерлеме қайта қаралды. Енді ол жылына 20 пайыздан аспауы тиіс. Бұған дейін бұл шек 25 пайыз болған еді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тиісті шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бірлесіп қабылдады.

Мөлшерлемені төмендету туралы норма екі мекеменің 2025 жылдың сәуір және мамыр айларында қол қойған бірлескен қаулысында бекітілген. Бұл құжат 2024 жылдың тамызынан бастап қолданыста болған бұрынғы қаулыға өзгерістер енгізеді.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – бұл несиенің барлық комиссиялар мен төлемдерді қоса есептегендегі нақты құны. Шекті мөлшерлеменің белгіленуі банктердің осы көрсеткіштен жоғары ипотека беруіне тыйым салынатынын білдіреді.

Маңызды: бұл шектеулер тек жаңа шарттар жасалғанда ғана емес, бұрын берілген несиелер бойынша мөлшерлемелер өзгертілсе немесе жаңа комиссиялар енгізілсе, сол жағдайларға да қолданылады.

Құжат Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін «Әділет» құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланады. Қазірдің өзінде онымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан танысуға болады.

Бұған дейін Ұлттық банк ипотеканы 11–12 пайызбен 10, 15, 20 жылға алу да көп қазақстандық үшін үлкен қаржылық ауыртпалық екенін мәлімдеген болатын.

Такси жүргізушілеріне жаңа талап енгізілді

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талап күшейтілді.

Хайп қуып табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргенге айыппұл салынады

Соңғы кеззде әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеген.

Елімізде ҰБТ-2026 басталды: Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады 

Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды. Тестілеу науқаны 10 шілдеге дейін жалғасып, ел бойынша 45 тестілеу орталығында өтеді.

Қазақстандағы көпбалалы аналар: Елде қанша «Алтын алқа» иегері бар 

Қазақстан өңірдегі туу көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары әрі көпбалалы отбасылар саны тұрақты өсіп келе жатқан мемлекеттердің бірі болып қала береді.

Мамыр айында қанша күн демаламыз?

9 мамыр - Жеңіс күні. Мерекеге орай Қазақстан азаматтары...