Елімізде ет бағасы тағы да қымбаттамақ

Қазақстанның ет одағы ет бағасының тағы да қымбаттауын болжап отыр. Қазірдің өзінде сиыр етінің бір келісі шамамен 4 мың теңге тұрады. Бұл бағалар әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан ет тұтыну жөнінен әлемде небәрі 49-шы орында.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуі делдалдардың кесірінен болып отыр. Себебі олар кейде бағаны 50%-ға дейін көтереді. Нәтижесінде қарапайым сатушылар да шығынға батпас үшін үстеме бағамен сатуға мәжбүр.

“Адамдар көбінесе арзанырағын сатып алады. Мысалы, төс еті, қабырғалар деген секілді. Енді баға көтеріліп жатса, біз де аздап өсіреміз”,- деді сатушы Гүлжан. 

Күзге арналған болжамдар бойынша арпаның бағасы көтеріліп, ірі ет инвесторлары тапшы болмақ, отандық өнім бұрынғы деңгейінде қалып, теңге әлсірейді. Сарапшылардың пікірінше, мұның бәрі алдағы айларда шығынның өсуіне әкеледі.

“Біз Қазақстанды өзіміздің сиыр етімізбен толық қамтамасыз ете аламыз. Импорт та келіп жатқандықтан бұл да бағаға әсер етеді”,- деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.

Маман мемлекет жемшөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамайынша, бағаның айтарлықтай төмендеуі байқалмайтынын айтты.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...