Елімізде енді сенімхатты онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда енді сенімхатты үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Ол үшін нотариуспен видео байланысқа шығу мүмкіндігі және электронды цифрлық қолтаңба қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Аibat” басылымына сілтеме жасап.

Болашақта тұрғын үй сатып алу кезіндегі барлық келісімшарт нотариус арқылы рәсімделуі мүмкін. Заңды тұлғаларды да ресми тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарымен нотарус айналысуы мүмкін. Бұл туралы нотариат құзыретін арттыру, оның құқығын кеңейту мәселелері кеңінен қозғалған жиында айтылды.

“Болашақта тұрғын үй сатып алу кезегіндегі барлық келісімшарттарды онлайн рәсімдеу мүмкін болады. Заңды тұлғаларды тіркеу, қайта түркеу жұмыстарымен де нотариус айналысуы керек”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының нотариусы Русланбек Батаев.

Отандық ұйым халықаралық нотариаттар қауымдастығының мүшесі атанған. Осыған орай, болашақта қызметтердің барлығын электронды түрде жүргізу жоспарланғаны айтылды. 

“Қазіргі таңда нотариаттық жұмыс электронды форматқа өтіп жатыр. Солар бойынша өзекті мәселелер талқылануда”, – дейді әділет министрлігінің өкілі Алма Мұқанова.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...