12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елімізде электросамокаттарды пайдаланудың бірыңғай ережесі енгізілмек

ҚР Ішкі істер министрлігі Жол қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары Арман Алтынбеков елімізде электросамокат пайдаланудың бірыңғай ережелері әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазіргі таңда нормативтік актілерде электросамокаттар көлік құралының қандай да бір типіне жіктелмеген. Яғни, қолдану ерекшелігі мен техникалық айырмашылықтарына қарай мопедке жата ма, әлде скутерге жата ма, нақты жіктеу жоқ. Оның үстіне заңнамада бұл көлік құралдарына қойылатын талаптардың болмауы олардың нарықта сатылу және қолдану ережелерін, қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптары мен сол талапқа сәйкестігін бағалау тетіктерін, маркілеудің бірыңғай талаптарын техникалық реттеуге мүмкіндік бермейді», — дейді министрлік өкілі.

Сөзінше, қазіргі кезде электросамокаттарға қолданылатын ережелер әзірленуде.

«Бүгінде Үкіметтің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Сауда және интеграция министрлігі көліктің осы типіне стандарттар әзірлеп жатыр. Бұл көлік құралы ма, әлде құрылғысы ма, соны анықтап алуымыз керек. Бірқатар себепке байланысты оларды көлік құралына жатқыза алмаймыз. Өйткені тежеуіші жүйесі, бұрылыс шамдары мен жарық шамдары жоқ деген сияқты. Стандарт дайын болған соң типтік ережелер жасаймыз. Осылайша оларға бірыңғай ережелер қолдана аламыз», — деді ведомство өкілі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы электросамокат пен мопед айдаған 68 адам жарақат алған. 

Под маской локализации

В ЯНВАРЕ 2026 ГОДА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ РЫНОК КАЗАХСТАНА ПОТРЯС ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ В ЕГО ИСТОРИИ КОРРУПЦИОННЫХ СКАНДАЛОВ.

Балалар мекемелерін санитарлық қадағалау күшейтіледі

Енді тексерулер алдын ала ескертусіз, кенеттен жүргізіледі.

Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.