spot_img
spot_img

Елімізде екі жерде жұмыс істеуге бола ма?

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын арнайы ақпараттық жүйеге жүктеуге міндетті. Алайда министрлік қанша адам екі жерде жұмыс істейтінін қадағаламайды және бұған заң бойынша тыйым салынбайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын ақпараттық жүйеге жүктеуге міндеттелген.

«Бұл — Еңбек кодексінің нормасы, соған сәйкес жұмыс беруші жүйеге өз қызметкерінің еңбек шартын жүктеуге міндетті. Бұл қызметкердің құқығын қорғау, яғни онымен еңбек шарты жасалғанын, онда не қарастырылғанын, жалақы қандай болатынын және қандай еңбек жағдайында жұмыс істейтінін растау үшін жасалады», — деп түсіндірді ол.

Еліміз бойынша 7 миллион жалдамалы жұмысшы бар, жүйеде 4 миллион адам есепке алынған, қалған қазақстандықтар азаматтық-құқықтық шарттар мен басқа да құжаттар бойынша жұмыс істейді.

Журналистер вице-министрден «Ведомство екі жерде жұмыс істейтін қазақстандықтарды қадағалай ма және бұған заң бойынша тыйым салынған ба?» деп сұрады.

«Азамат негізгі және толық емес жұмыс күні бойынша жұмыс істесе, оған заңмен тыйым салынбайды. Бұлай жасауға болады. Айта кетейін, біз қанша қызметкер қосымша жұмыс істейтінін есепке алмаймыз», — деп жауап берді Асқарбек Ертаев.

Еңбек кодексіне сәйкес азаматтар бірнеше жерде және әртүрлі жұмыс берушіге жұмыс істей алады. Дегенмен шектеу бар: негізгі жұмыс 8 сағаттан, қосымша жұмыс 4 сағаттан аспайды, сонда күніне 12 сағаттан аспауы керек. 

Екі жерде де толық жұмыс істеуге заңмен тыйым салынған.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемелерін 14,6 еседен 38,8 есеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...