Елімізде биыл жазғы лагерьлерде қанша бала демалады?

Қазақстанда биылғы жазда 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлер мен 512 шатырлы кемпингтер ашылады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі жазғы науқанға дайындықты бастады. Биыл барлығы 16 жыл бойы жұмыс істеу, 188 маусымдық, 10 мыңнан астам тамақтанатын және тамақтанбайтын мектеп жанындағы лагерьлерді, сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерьлерін кезең-кезеңімен ашу жоспарланып отыр.

«2025 жылдың жазғы кезеңінде сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен 3,1 миллион баланы қамту жоспарланған. Оның ішінде 500 мыңнан астамы әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады», — делінген Үкімет хабарламасында. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Санитарлық нормалардың сақталуына, азық-түлік қауіпсіздігіне, сондай-ақ суда, орманда және спорт объектілерінде сақтық шараларына бақылау күшейтілді.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.