Елімізде банктерге қатысты ережелер қатаңдатылады

Қазақстанда іс-қимылды қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Негізгі мақсаты – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

«Енді Агенттік анықталған тәуекелдер немесе оларды басқарудағы кемшіліктер жойылғанға дейін тұтынушыларға қаржы өнімдерін беруді тоқтата тұруға құқылы болады», — делінген хабарламада.

Кредиттік өнімдер үшін шамадан тыс борыш жүктемесінің тәуекелдерін азайтуға бағытталған жауапкершілікпен кредит беру қағидаттары енгізілетін болады. Ақпаратты жария етуге, жарнамаға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ жосықсыз практикаларды шектеу жоспарланған.

«Сонымен қатар жаңа жүйе жосықсыз іс-қимыл мен алаяқтық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Реттеудің маңызды құрамдас бөлігі қаржы ұйымының тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастамаларды жүргізу міндеті болады».

Бұдан басқа, қаржы нарығына қатысушылар арасында міндеттерді тиімді бөлу үшін қаржы нарығында жолданымдарды қарау тәртібі қайта қаралды. Жаңа тәсілге сәйкес қаржы ұйымы бірінші кезекте тұтынушылардың жолданымдарын қарауға және шешім қабылдауға міндетті. Бұдан әрі дауды қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі қарауы мүмкін, ол қазір қаржы нарығында дауларды сотқа дейінгі реттеудің негізгі тетігі болып табылады.

«Осы өзгерістердің барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және тұтынушылар мен қаржы өнімдеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Кешенді тәсіл қаржы нарығында адал іс-қимылды ынталандыруға бағытталған», — делінген хабарламада.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.