Елімізде банктерге қатысты ережелер қатаңдатылады

Қазақстанда іс-қимылды қадағалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Негізгі мақсаты – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

«Енді Агенттік анықталған тәуекелдер немесе оларды басқарудағы кемшіліктер жойылғанға дейін тұтынушыларға қаржы өнімдерін беруді тоқтата тұруға құқылы болады», — делінген хабарламада.

Кредиттік өнімдер үшін шамадан тыс борыш жүктемесінің тәуекелдерін азайтуға бағытталған жауапкершілікпен кредит беру қағидаттары енгізілетін болады. Ақпаратты жария етуге, жарнамаға қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ жосықсыз практикаларды шектеу жоспарланған.

«Сонымен қатар жаңа жүйе жосықсыз іс-қимыл мен алаяқтық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Реттеудің маңызды құрамдас бөлігі қаржы ұйымының тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастамаларды жүргізу міндеті болады».

Бұдан басқа, қаржы нарығына қатысушылар арасында міндеттерді тиімді бөлу үшін қаржы нарығында жолданымдарды қарау тәртібі қайта қаралды. Жаңа тәсілге сәйкес қаржы ұйымы бірінші кезекте тұтынушылардың жолданымдарын қарауға және шешім қабылдауға міндетті. Бұдан әрі дауды қаржы омбудсманының бірыңғай қызметі қарауы мүмкін, ол қазір қаржы нарығында дауларды сотқа дейінгі реттеудің негізгі тетігі болып табылады.

«Осы өзгерістердің барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және тұтынушылар мен қаржы өнімдеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі. Кешенді тәсіл қаржы нарығында адал іс-қимылды ынталандыруға бағытталған», — делінген хабарламада.

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 

Толық емес отбасы тұрғын үй кезегіне тұрып, жалдамалы баспана, жалдау ақысын субсидиялау, жеңілдетілген ипотека немесе тұрғын үй сертификаты сияқты қолдау тетіктерін пайдалана алады

Қазақстанға тұрақты тұруға келетіндер саны азайған 

Қазақстанға тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының басым бөлігі көршілес мемлекеттердің тұрғындары.

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы тағайындалады 

Жаңа марапаттар музыка және бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Алдағы төрт жылда қай салаларда жалақы өседі? 

Ұлттық экономика министрлігі жалақыны арттыруға бағытталған шаралар бірқатар саланы қамтитынын хабарлады.