Елімізде қанша зейнеткер жұмыс істейді

2021 жылы Қазақстанда 1,6 миллион зейнеткер (65 жастан асқан) тіркелді. Оның ішінде 70,3 мың адам жұмыс істеуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы елде 65 және одан жоғары жастағы 1,6 миллион зейнеткер болды. Оның ішінде 70,3 мың адам жұмысын жалғастырды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 3%-ға артық, – деп хабарлайды finprom.kz сайты.

Сарапшылардың айтуынша, жалпы зейнеткерлердің ішінде жұмыс істейтіні – небәрі 4,3%.

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің 69,2%-ы немесе 48,7 мың адам дербес жұмыскерлер; 22,6%-ы немесе 15,9 мың зейнеткерлер жұмысшылар.

Тағы 5,7 мың зейнеткер жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, 46 адам шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары мен үлескерлері, сонымен қатар өндірістік кооперативтердің мүшесі болып табылатын жеке тұлғалар ретінде тіркелді.

Салалық тұрғыда зейнеткерлердің басым бөлігі – 73% немесе 51,3 мың адам агроөнеркәсіптік кешенде жұмысқа орналасқан. Көтерме, бөлшек сауда, автокөлік жөндеу және көлік-логистика секторларында да зейнеткерлер бар.

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 105 344 теңгеге жеткенін жариялаған еді. Зейнеткерлер саны – 2 млн 245,6 мыңнан астам адам.

AI-проекты: решение реальных задач

ВТОРОЙ ЭТАП ПРОГРАММЫ AI-SANA – ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНИЦИАТИВ,...

Когда пенсионные накопления под угрозой 

Согласно статистике Агентства по финансовому мониторингу, в 2025-2026 годах...

Строительный кодекс: семь решений законодателя

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРАВО КАЗАХСТАНА ФАКТИЧЕСКИ ВСТУПИЛО...

Уроки духовности

ДУХОВНОМУ И ПАТРИОТИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ КУРСАНТОВ В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД...

Акцент – на профилактику

О НЕОБХОДИМОСТИ СИСТЕМНОЙ И НЕПРЕРЫВНОЙ РАБОТЫ ПО РЕШЕНИЮ ПРОБЛЕМ...