Елімізде 8 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 8 қаңтарда Қазақстанның көптеген аймағында жауын-шашынсыз ауа райын болжады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап. 

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі әсерін сақтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз аяз сақталады. Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронталдық бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасынмен қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста желдің күшеюі күтіледі», — делінген хабарламада.

Бірнеше облыста ескерту жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Түнде Алматы және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

7 қаңтарда сағат 22.00-ден бастап қатты аязға байланысты қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін автомобильдерге Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық жолдарға шығуға тыйым салынды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...