Елімізде 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 24, 25 және 26 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжап айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамына сәйкес, 24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыста және шығыста атмосфералық фронттар және циклонның әсерінен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек оңтүстікте антициклон ықпалымен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Ел бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел, батыс аймақтарда көктайғақ күтіледі.

«Түнде ауа температурасы тек орталық және шығыс өңірлерде -20-35 градус аязға дейін төмендейді, ал қалған аумақтарда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді», – делінген хабарламада.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...