Елімізде 1 ақпаннан бастап электр энергиясының тарифтері қымбаттайды

Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтеріледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Энергетика министрі 2025 жылғы 27 қаңтарда электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Бұйрыққа сәйкес, келесі топтар бойынша электр энергиясының шекті тарифтері өседі:

1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) — 8,27-ден 9,5 теңгеге дейін (кВт/сағ).
2-топ (Еуразиялық энергетикалық корпорациясы) — 7,98-ден 9,4 теңгеге дейін.
3-топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) — 13,17-ден 15,67 теңгеге дейін.
4-топ (Топтардың негізгі таратушы энергостанциясы) — 15,32-ден 20,84 теңгеге дейін.
5-топ (Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС) — 17,73-тен 22,58 теңгеге дейін.
6-топ («Қарағанды Энергоорталығы») — 14,09-дан 17,64 теңгеге дейін.
7-топ (Өскемен ЖЭО) — 14,27-ден 17,82 теңгеге дейін.
8-топ («Севқазэнерго») — 18,61-ден 23,17 теңгеге дейін.
9-топ («Астана-Энергия» АҚ) — 9,28-ден 11,71 теңгеге дейін.
10-топ («Павлодарэнерго» (ЖЭО-2,3) — 18,25-тен 24,29 теңгеге дейін.
12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) — 7,87-ден 8,52 теңгеге дейін.
13-топ («Қазақмыс Энерджи» (ЖТЭЦ, БТЭЦ) — 21,42-ден 30,24 теңгеге дейін.
16-топ («Bassel Group LLS») — 16,73-тен 25,48 теңгеге дейін.
18-топ (Степногорск ЖЭО) — 28,97-ден 38,67 теңгеге дейін.
22-топ («Кентау Сервис» МКК) — 7,07-ден 37,12 теңгеге дейін.
23-топ («Арқалық жылу-энергетикалық компаниясы» МКК) — 8,44-тен 13,13 теңгеге дейін.
26-топ («Алматы электр станциялары» (ЖЭО-1,2,3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) — 17,82-ден 20,93 теңгеге дейін.

Осыған қарамастан — 11, 14, 24, 29, 30, 32, 35, 36, 43-48, сондай-ақ 56-60 топтағы компаниялар үшін тарифтер өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, 27 қаңтар Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері өсетіні туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Үкіметте өткен брифингте мәлімдеген болатын. Сондай-ақ 1 ақпаннан бастап 2020-2024 жылдарға арналған, бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты сумен жабдықтауға және су бұруға жаңа тарифтер енгізіледі.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.