12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде үш жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі шығармашылық ұйымдарды дамыту, қолдау, инфрақұрылымды жаңарту және мәртебесін нығайту бағытында жүйелі қызмет атқаруда. Соңғы жылдары мәдениеттің рөлін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылды. 

Мемлекеттік қолдау және шығармашылық ұжымдарды ынталандыру мақсатында соңғы бес жылда мәдени ұйымдардың мәртебесін көтеруге маңызды қадам жасалды. 2020 жылы бес республикалық мекемеге «Ұлттық» мәртебесі берілсе, 2023 жылы Ақтөбе және Түркістан облыстарының 34 өнерлік ұжымдары «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие болды. 2024 жылы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен ҚР Орталық мемлекеттік музейіне «Ұлттық» мәртебесі берілді. Сондай-ақ Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Академиялық» атаққа ие болды.

2023 жылы соңғы 30 жылда алғаш рет республикалық бюджеттен мемлекеттік концерттік және оқу орындарына музыкалық аспаптар сатып алуға 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл шара жас музыканттардың кәсіби дамуына және дарынды орындаушыларды қолдауға мүмкіндік берді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттауға ерекше мән берілуде. 2024 жылы музейлердің шетелдік көрмелерін мемлекеттік субсидиялау мен мәдени құндылықтарды шетелге шығару тәртібін реттейтін «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЮНЕСКО-ға ұсыну үшін «Жібек жолы: Ферғана–Сырдария дәлізі» және «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» номинациялық досьелері дайындалды.

ҚР Ұлттық музейінде ашылған Палеонтология залы мен Қолөнершілер орталығы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 2023 жылы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музейі жанынан жаңа визит-орталық ашылды. 2024 жылы Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу орталығы құрылып, «Ордабасы» мен «Гаухар-Ана» визит-орталықтарының құрылысы аяқталды.

Мәдени инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдан бері үш жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Түркістан музыкалық драма театры және Солтүстік Қазақстан облысындағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры.

2020 жылы Құддұс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы демеушілік қаражат есебінен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратына жөндеу жұмыстары жасалды. Былтыр Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратын, биыл Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тарихи мұраны зерттеудің маңызды орталығына айналатын далалық «Бозоқ» археологиялық паркі салынуда.

Жалпы 2025 жылы Қазақстан бойынша мәдениет нысандарында 51 құрылыс және 250 жөндеу жұмысы жоспарланған.

Мәдени саясаттың маңызды бағыты – сала мамандарын қолдау және ынталандыру. 2023 жылы соңғы отыз жылда алғаш рет «Халық әртісі» құрметті атағы қайта тағайындалып, 8 мәдениет қайраткеріне берілді. Жас қазақстандық таланттар халықаралық деңгейде де табысты өнер көрсетіп жүр. Атап айтсақ, вокал, скрипка, дирижерлік және дәстүрлі музыкалық аспаптар бойынша 65 өнерпаз беделді байқаулардың жеңімпазы атанды.

Мәдениет мекемелері қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру (орта есеппен 20%) жалғасуда. 2022–2025 жылдар аралығында олардың еңбекақысы екі есе көбейді. Биыл 75 әдебиет пен өнер қайраткеріне мемлекеттік стипендия табысталды. Мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында саланың үздіктеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.