Елімізде, қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету

Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған. Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жағдайын талдауға негізделген заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету көзқарасын айқындайды. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескеріледі.

Құжат құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға белсенді азаматтық қатысуды көздейді. Бүгінде елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі саналатын заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді түрде жүргізілуде. Аталған жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда заңның үстемдігі туралы хабардар ету деңгейін арттыру көзделіп отыр. Аталған жұмыс шеңберінде заңнаманы одан әрі жетілдіру ісі жалғасады. Құжат азаматтардың дәлелдемелерді автоматты түрде салыстыру және тергеушілердің шешім қабылдауын қолдау бағдарламаларымен жабдықтау, сондай – ақ тергеушілерді ЖИ құралдарымен, тергеудің жаңа тактикаларымен (профайлинг, жауап алу әдістері, цифрлық криминалистика) жұмыс істеуге оқыту. Көрші мемлекеттермен бірлесіп, трансұлттық қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру және ақпарат алмасу жоспарланып отыр.

Кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау оң өзгеріс қалыптасып, заңдарға үстірт қараудан жауапты әрі саналы көзқарасқа ауысады деп күтілуде. Қоғамдағы әрбір азамат басқа адамдардың құқықтарын құрметтеп қана қоймай, құықтық тәртіпті белсенді түрде сақтайды, бұл жалпы тәртіптің жақсаруына әкеледі.

Бұдан бөлек, қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтады деп күтілуде. Жалпы, мұның бәрі құқық бұзушылықтар санының төмендеуіне, азаматтарға қызмет көрсету сапасының жақсаруына, экономикалық тартымдылық пен инвестициялық ортаның жақсаруына әкелуі тиіс.

Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Аида Нургалиева

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...