Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады.

Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған.

Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жағдайын талдауға негізделген заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету көзқарасын айқындайды. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді.

Құжат құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға белсенді азаматтық қатысуды көздейді.

Бүгінде елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі саналатын заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді түрде жүргізілуде. Аталған жұмыс әрі қарай да жалғасын табады.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда заңның үстемдігі туралы хабардар ету деңгейін арттыру көзделіп отыр. Аталған жұмыс шеңберінде заңнаманы  одан әрі жетілдіру ісі жалғасады. Құжат азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және сот төрелігіне қолжетімділікті әрі қарай да қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыруды көздейді. Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және осы білімін тәжірибеде қолдану мақсатында оқыту іс-шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, студенттерге құқықтық білім беру тәжірибесін енгізу нақты жағдайларда құқықтық білімді тиімді қолдану қабілетін дамытуға бағытталған оқытудың түрлі формаларына белсенді қатысуды қамтиды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халыққа қызмет етуге; мемлекет пен қоғам ынтымақтастығының жаңа құралдарын енгізуге баса назар аудара отырып, мемлекеттік органдар ашықтығы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтар үшін заманауи цифрлық қызметтерді іске қосуға, атап айтқанда, еGOV ашық деректерінің электронды үкімет функционалдығын дамытуға, сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізуге бағытталған және басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделі тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар көзделеді. Бұл жұмысты атқаруға НҚА белсенді түрде қатысады. 

Сонымен қатар кадр саясатын реформалау, полиция қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстары, оқу-әдістемелік жиындарды өткізу арқылы даярлау, меритократия қағидатын нығайту, «soft skills» дамыту, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңғырту жалғастырылады. 

Ауқымды деректерді өңдеу үшін жасанды интеллектіні пайдалана отырып, ІІМ ситуациялық-талдау орталығының функцияларын кеңейту көзделеді: камералардан түсетін бейнеағын (бет әлпет пен нөмірді тану), әлеуметтік желілер (қауіп-қатерді бақылау), қылмыстық статистика (қылмыс ошақтарын болжау); жедел қызметтерді, дәлелдемелерді автоматты түрде салыстыру және тергеушілердің шешім қабылдауын қолдау бағдарламаларымен жабдықтау, сондай-ақ тергеушілерді ЖИ құралдарымен, тергеудің жаңа тактикаларымен (профайлинг, жауап алу әдістері, цифрлық криминалистика) жұмыс істеуге оқыту. Көрші мемлекеттермен бірлесіп, трансұлттық қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру және ақпарат алмасу жоспарланып отыр. 

Кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда оң өзгеріс қалыптасып, заңдарға үстірт қараудан жауапты әрі саналы көзқарасқа ауысады деп күтілуде. Қоғамдағы әрбір азамат басқа адамдардың құқықтарын құрметтеп қана қоймай, құқықтық тәртіпті белсенді түрде сақтайды, бұл жалпы тәртіптің жақсаруына әкеледі. 

Бұдан бөлек, қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтады деп күтілуде. Жалпы, мұның бәрі құқық бұзушылықтар санының төмендеуіне, азаматтарға қызмет көрсету сапасының жақсаруына, экономикалық тартымдылық пен инвестициялық ортаның жақсаруына әкелуі тиіс.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.