12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еліміз аман, бейбіт заман болсын!


Өткен күн – тарих, ертеңгі күн – құпия, ал бүгінгі күн – үлкен сый. Содан болар, келер күнге жоспар құрғанда, өткеніңді бағамдап, бар мен жоқты сараптап алу қашанғы әдетіміз. Әсіресе, жаңа жылдың табалдырығын аттар тұста, ескі жылдың есті істерін еске алып, ертеңгі күннен үміт күтер ырымшыл халық емеспіз бе?!


Биылғы жылдың жағымды оқиғалары, тағылымды сәттері, толымды нәтижелері аз болмады. Ең алдымен өзім қызмет ететін сот саласында айтулы реформалар орын алды. Азаматтардың құқығы мен бостандығын сапалы қорғауға бағытталған іргелі өзгерістер қолға алынды. Сандық технологияның арқасында сот жұмысы барынша ашық, қолжетімді, жедел бола түсті. Сот отырыстарының онлайн өтуі тараптардың ғана емес, заңгерлер мен адвокаттардың, куәгерлердің шет жақта жүріп те іс барысын бақылауына, жауап беруіне мүмкіндік берді.
Биылғы жылдың елеулі оқиғасының бірі – республика судьяларының ІХ съезінің өтуімен байланысты болды. Төрт жылда бір рет өтетін съезд – еліміздің түкпір-түкпіріндегі судьялардың басын қосатын, тәжірибе алмасатын, сонымен бірге, сот жұмысына қатысты түйткілді мәселелерді бірігіп талқылап, шешетін бірегей алаң. Осы жолғы съезд шетелдік сарапшылардың арнайы қатысып, әріптестік байланысты жандандыруымен де ерекше болды.

Биылғы съезде судьялардың Әдеп кодексі жаңғыртылып, Судьялар одағының жаңа төрағасын тағайындауымен де есте қалды. Барша судьялардың басын қосатын маңызды лауазымға Жоғарғы Сот судьясы, бірнеше облыстық сотты басқарған мықты маман Досжан Әмірдің таңдалуы да кездейсоқтық емес. Бүгінгідей сындарлы шақта одақ төрағалығына Досжан Сарманқұлұлының келуі сот саласындағы шешімін күткен түйткілдердің оңтайлы реттеліп, судьялардың әлеуметтік, тұрмыстық, материалдық мәселелерінің жедел әрі сапалы шешілуінен үміттендіреді.


Бұл жыл – біздің сот саласындағы еңбегіміздің еленген, ескерілген жылы болды десек те қателеспейміз. Әрине, отанын шексіз жақсы көретін, елінің игілігі үшін қызмет еткен азаматтар ешқашан еңбегін бұлдамайды. Кез келген судья үшін төрелігіміздің түзу, шешіміміздің оң болып, халықтың ризашылығын алудан артық марапат жоқ екені тағы рас. Дегенмен, біздің адал еңбек, әділ ісіміз еленіп, биылғы жылы Судьялар одағының ең жоғары деңгейдегі марапатын білдіретін «Үш Би» құрмет белгісінің берілуі – мен үшін үлкен мақтаныш, сонымен бірге ерекше жауаптылық. «Үш Би» құрмет белгісі – сот жұмысында көзге түскен, шығарған сот актілерінде қателікке жол бермеген, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын, өзіндік ой-танымы биік жандарға берілетінен айта кеткеніміз жөн.
Бұған қоса, биыл елімізге танымал «Заң» Медиа-корпорациясы» өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтіп, құқықтық саланың дамуына, құқықтық жрналистиканың өркендеуіне үлес қосқан білікті заңгер, талантты журналистер мен қоғам өкілдерін марапаттады. Біз де осы қатардан табылып, «Құқықтық жрналистиканың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін» төсбелгісін иеленген санаулы азаматтың бірі болғанымызға ризашылығымызды білдіреміз.
Расында, республикалық құқықтық «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарымен арадағы әріптестік байланысымыз әріден басталады.

Сот саласына араласқан кезден бері осы қос басылымның журналистерімен тығыз байланыс орнатып, сотқа қатысты мәселелерді қоғам назарына ұсынуда барынша белсенді болдық. Осы екіжақты әріптестіктің арқасында судьялардың кәсіби мерекесінің жоқтығын айтып, арнайы мерекелік күннің белгіленуіне атсалыстық. Сонымен бірге, Алматы қаласындағы қылмыстық істерді қарайтын соттарды біріктіру туралы идеямыз да көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Ендігі жерде Судьялар одағымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, білікті аудармашылар қатарын қалыптастыру, ол үшін қылмыстық істерге қатысатын аудармашылардың қызмет ақысын көтеру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу ойымызда бар.


Әрине, биылғы жылы қызметке ғана емес, отбасылық бірлікке көңіл бөліп, жақындарымызға үнемі қолдау көрсетуге бар күш-қайратымызды салдық. Әсіресе, шаңырағымыздың ырысы, алтын қазығы болып отырған анамыздың алғысын алып, ризашылығына бөлену – перзенттік парызымыз. Біз өзіміздің анамызға құрмет көрсетіп, мейірімге бөлеу арқылы ұрпағымызға да жақсы үлгі-өнеге көрсететінімізді ұмытпауымыз керек.
Ал барша ұл-қызы мен немерелеріне ақ жарма тілегін арнап, үнемі тілеуімізді тілеп отыратын асыл анамыздың биылғы жылғы лебізі де керемет. Талай сын-қатерлерден өтсе де, ұрпағына жақсы тәрбие, тағылымды өнеге бере білген анамыз барша отандастарымызға ынтымақ, тыныштық пен татулық тілейді.
Шындығында, бейбіт елімізде аналар жыламасын, балалар ашық аспан астында бақытты ғұмыр кешсін! Ең бастысы, еліміз аман, тыныш заман болғай.
Құрметпен,
Нұржан Қарабаев,
Алматы қалалық сотының судьясы

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Восстановить свое доброе имя

Под реабилитацией следует понимать важнейший институт уголовнопроцессуального права, предполагающий...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...

Алматы облысының дәрігерлері Лондонның үздік клиникаларының жұмысымен танысып қайтты

Алматы облысының медициналық мекемелерінің мамандары Ұлыбритания астанасы Лондоннан, Тұманды...