Еліміз үшін қастерлі құжатқа 35 жыл!

Биыл мемлекетіміздің егемендік туралы Декларация қабылдағанына 35 жыл толды. Осыған орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби кітапханасында «Мемлекеттік егемендік құндылықтар ретінде: қауіп-қатерлер мен бағыттардың пәнаралық көзқарастары» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынның ашылуында факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты Мейрбаев Бекжан сөз сөйледі.

«Биыл мемлекетіміздің егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Бұл Қазақстанның тәуелсіз ел болуға жасаған алғашқы қадамы, яғни еліміздің тәуелсіздікке бастар алғашқы қастерлі құжаттарының бірі. Егемендік жай сөз емес, қоғамның даму болашағына бағытталған урбани-саяси жоба, ұлттың еркіндігі, мәдени бірегейлігі, экономикалық, әлеуметтік және өркениеттік биіктерге ұмтылудың жолы. Бұл ұғымға қазіргі кездегі елімізге қауіп-қатер туғызатын геосаяси тұрақсыздық, ақпараттық шабуылдар және цифрлық ғасыр жағдайында жаңаша қадам жасауды қажет етіп отыр. Біздің факультет «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» секілді маңызды мемлекеттік бағдарламалардың  теориялық негізін айқындап гуманитарлық зерттеулер жүргізген ұйымның бірі. Осыған орай, конференцияға ғалымдар мемлекеттік егемендіктің мәнін, оны сақтаудың жолдарын және тәуелсіздікті нығайтудың маңызын талқылау үшін жиналып отыр», – деп атап өтті.

Конференция барысында заң ғылымдарының кандидаты, профессор Какимжан Бишманов «Зайырлылық – егемендіктің құрамдас бөлігі ретінде» атты баяндамасында профессор мемлекет пен діннің арақатынасын құқықтық негізде талдап, зайырлылық қағидатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол жастарға сырттан келген діни ағымдардың теріс ілімдерінен сақ болу қажеттігін ескертті.

Жиында сөз алған профессор Гүлжихан Нұрышева «Қазақтың ұлттық құндылықтары және қазіргі заман» баяндамасында ұлттық құндылықтарды философиялық тұрғыдан терең талдап, олардың қазіргі қоғамдағы маңызын атап өтеді. Оның пікірінше, қазақтың рухани қазынасы ұлттың болашағын айқындайтын стратегиялық ресурс. Қазіргі кезеңде жаһандану, урбанизация, цифрлық мәдениет қазақ қоғамының дәстүрлі құндылықтарына ықпал етуде. Бұл құндылықтар жоғалып кетпеуі керек, керісінше  жаңаша интерпретацияланып, қоғам өмірінің барлық саласына бейімделуі тиіс.

Жиын соңы ғалымдар мен студенттердің мемлекеттік егемендіктің рухани және әлеуметтік негіздері, ұлттық құндылықтардың заманауи маңызы мен тәуелсіздікті сақтау тетіктері туралы пікір алмасуына алмасты.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...