12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электрондық сервистердің ауқымын кеңейтуге басымдық берілуде


Сот әкімшілігі – сот жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, сапалы атқарылуына жауап беретін үлкен құрылым. Сот төрелігінің тиімді жұмыс істеуі сот әкімшілігінің өзіне жүктелген маңызды міндеттерді талапқа сай орындауына тікелей байланысты.
Сот әкімшілігінің негізгі қызметі судьялардың істерді өз мерзімінде қарап, процеске қатысушылардың сотқа уақытылы келуін, ортақ тәртіпке бағынуын, қауіпсіздікті сақтауын қадағалауға бағытталған. Себебі сот істерінің уақытылы қаралуы – әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Сондай-ақ сот әкімшілігі сот актілерінің мерзімінде шығарылуын ғана емес, осы актілердің сапалы орындалуын да назардан тыс қалдырмайды. Сот шешімінің орындалуы – сотқа деген сенімді қалыптастырудың кепілі болғандықтан, бұл мәселеге көңіл аудару аса өзекті.
Жұмыс барысында сот қызметін цифрландыруға, электрондық сервистердің қызмет ауқымын кеңейтуге де басымдық беріліп келеді. Сандық технология сот әкімшілігінің де, қарапайым азаматтардың да сотқа жүгіну тетіктерін оңтайландырғаны шындық. Бұл технологиялар сот процесін бастапқы сәттен соңғы шешімге дейін толық автоматтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде, сот төрелігіне қол жеткізу бұрынғыдан да жылдам, ашық әрі тиімді бола түсті. Қазір сотқа талап арыз берумен қатар, жолдаған арызының қозғалысын бақылап отыру, сот құжаттарына сұрау салу мен оларды қағазға шығарып алу да қашықтан жүргізіледі. Мұндай қызметтерге қол жеткізу үшін қазір сотқа арнайы келудің қажеті жоқ. Онлайн тапсырыс беру соттың ғана жұмысын жеңілдетіп қоймай, азаматтардың да әуре-сарсаңын азайтты.
Ал шетелде жүрсең де, басқа қалада болсаң да сот отырысына онлайн қатысуға мүмкіндіктің берілуі сот тарапынан жүзеге асырылған көп жылғы еңбектің нәтижесі. Бұл әсіресе адвокаттардың, шалғай ауылда тұратын сот куәгерлерінің көңілінен шығуда.
Сот әкімшілігі салаға жас, талапты мамандарды тартып, олардың қабылет-қарымын арттыруға, біліктілігін көтеруге ұдайы көңіл бөліп келеді. Сонымен бірге, салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің тәжірибесін жетілдіруге бағытталған семинар, тренингтер үзбей өтеді. Мұндай шаралар саладағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жетістіктерді әрі қарай жалғастыруға септігін тигізуде.

Нұрхан Әбдікәрім,
Қызылорда облысы
Сырдария аудандық соты әкімшісінің басшысы

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...