spot_img
spot_img

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Бүгінгі заман талабына сәйкес еліміздің сот жүйесі саласында электронды сот төрелігін дамыту ісіне үлкен мән берілуде. Атап өтер жайт, еліміздің Жоғарғы соты электронды сот жүйесіне ең алғашқылардың бірі болып өткен және осы өзгеріске тез бейімделген салалардың бірі болды. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді.

Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Барлық соттарда орнатылған аудио-бейнежазба жүйелерінің барлығы талапқа сай, өз дәрежесінде қолданылуда. Аудио-бейнежазба жүйесімен жүз пайыз жабдықталған. Электронды сот төрелігі соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, сот ісі жүйесін автоматтандыруды жеделдетеді. Соттарда электронды технологияларды қолдану — процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды, сонымен қатар, сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімін жылдамдатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. Ең бастысы саладағы жемқорлықтың алдын алып, көптеген қызметтерде адам факторы автоматты жүйеге көшті.

Кейбір электронды сот жүйесіне мысал келтірер болсақ, Сот кабинеті — бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған. Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жолдап, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады. Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Қазіргі таңда біздің сот кабинетін пайдалану соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Сондай ақ халықтың сотқа деген сенімін арттыруда да электронды сот төрелігінің үлесі зор болды.

Халқымыздың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Кадыркулова Лира Меделкановна, Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу сотының сот әкімшісі басшысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...