Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына үлкен өзгеріс әкелді. Соның ішінде сот жүйесінде енгізілген электронды қызметтер халыққа қолайлы жағдай жасап, сот төрелігінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруда.

Электронды сот төрелігі – азаматтарға сот қызметтерін онлайн түрде пайдалану мүмкіндігін беретін заманауи жүйе. Бүгінде талап арыз беру, сот отырысының уақытын білу, сот құжаттарын алу сияқты көптеген қызметтер электронды форматта жүзеге асырылады. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеп, қағазбастылықты азайтады.

Сонымен қатар электронды жүйе сот процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Азаматтар сот істерінің қозғалысын интернет арқылы бақылап, қажетті ақпаратты жылдам ала алады. Бұл халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырады.

Электронды сот төрелігінің тағы бір тиімділігі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуі. Себебі көптеген қызмет автоматтандырылған түрде көрсетіледі. Сонымен бірге шалғай ауыл тұрғындары үшін де сот қызметіне қол жеткізу жеңілдей түсті.

Қорытындылай келе, электронды сот төрелігі – уақыт талабына сай тиімді жүйе. Ол сот қызметінің сапасын арттырып, халыққа қолайлы әрі ашық сот жүйесін қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының аға приставы Д. Арапов

ПРОВЕДЕНА ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА С ГОСУДАРСТВЕННЫМИ СЛУЖАЩИМИ

Департаментом проведена профилактическая разъяснительная работа среди сотрудников аппарата акима...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Департамент қызметкерлері Е.Рысқұлбек және Р.Нурутдинова Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының...

90 жылдық тарихы бар қоғам қайраткері

Олжас Омарұлы Сүлейменов - Қазақстандық поэт, жазушы, әдебиеттанушы, дипломат...

ПОЛВЕКА МЕЖДУ ПЛАМЕНЕМ И НАНОНАУКОЙ

Научный феномен Зульхаира Мансурова В ряду выдающихся деятелей казахстанской науки,...

Апостильдеу туралы құқықтық насихаттау

Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі...