12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Электрондық сот дәлелдемелері уақыт талабы!

Сот төрелегін жүзеге асыру кезінде істі дәлелдейтін, ақиқатын ашып көрсететін сот дәлелдемелерінің маңызы зор! Жалпы атап өтсек, кез келген істі қарау кезінде сотқа алдымен іс қозғалғанға дейінгі орын алған оқиға мен мән-жайларды анықтау қажет. Содан кейін ғана оларға материалдық құқықтық оның ішінде азаматтық, отбасылық, әкімшілік нормалары қолданылады. Ал негізгі  мән-жайларды анықтау соттық дәлелдерге мән беру, солармен танысу арқылы жасалады.

Одан әрі соттық дәлелдемелер көмегімен істің фактісін мән-жайларды анықтап алып және қолдануда жататын материалдық нормаларға сүйене отырып, сот ішкі нанымның көмегімен субъективтік құқықтар және міндеттер туралы шынайы қорытындыға жетеді. Сот қызметі барысында нақты фактілердің бар немесе жоқ екендігін анықтауға мән бергені жөн. Сот дәлелдемесіне жатқызылатын, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар фактілерді тікелей немесе жанама түрде растайтын фактімен мәліметтерді іздестіру өте маңызды.

Көп жағдайда азаматтық істер бойынша фактілік мән жайларды дәлелдейтін дәлелдемелерді дұрыс зерттемеу барысында, көптеген материалдық және процессуалдық құқық қағидалары бұзылып жатады.

Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясында және дәлелдеме құқығында негізгі орын алады. Негізі соттық қараудың көп көлемі дәлелдеу қызметіне беріледі. Соған байланысты, дәлелдемелер бойынша сұрақтар қарау және оны тәжірибеде азаматтық іс-жүргізуде оны пайдалануда ерекше маңызға ие болады. Тіпті дәлелдемелер жинау және оны сот процесінде ұсынуға сот шешімі тікелей тәуелді деп атауға болады. Істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Ал былтырғы пандемиялық кезеңде сот жұмысының қашықтан ұйымдастырыла бастауы, электрондық дәлелдемелерге мән беруіміз қажет екенін көрсетті.

Осылайша уақыт талабымен азаматтық іс жүргізу кезінде электрондық дәлелдемелер маңыздылығы алға шығып отыр.  Оның үстіне «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай қоғамымыздың цифрлық ортаға көшуіне байланысты ақпараттық технологиялардың көмегімен орын алған қоғамдық қатынастарды сотта дəлелдеу мəселесі қарастырылуда. Сот ісін жүргізу кезінде ақпараттық технологиялардың дәледемелерді жеткізу рөлі артуда.

 Атап айтқанда сот ісін жүргізу кезінде дәлел болып табылатын  аудио-бейне жазбаны, скриншотты ұсыну жағдайлары жиі орын алуда. Алайда аталған дəлелдемелердің іске қатыстылығы жəне жарамдылығына байланысты елімізде сот тəжірибесі бірізді қалыптаспай отыр. Осы орайда өткен жылы 30 қазанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының XV кеңесінде онлайн-соттар мен интернет сот төрелігін дамытудың маңызына қатысты  бейне-конференция форматында өткен жиынында осы мәселе талқыланған болатын. Сонымен қатар, цифрлық экономика мен электрондық сауданың мүмкіндіктері ескеріле отырып, қазіргі интернет арқылы орын алып жатқан қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудің құқықтық тетігін жандандыру жəне мүше мемлекеттер арасында өзара тəжірибе алмасу мəселелері қарастырылды. Бұл уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік болғандықтан, мəселенің əлемдік деңгейде көтерілуі бұл мәселенің қоғамымызда өзекті болып отырғандығын аңғартады, мақала тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

 Сәйкесінше сот ісін жүргізуде дəлелдемелерді электронды түрде ұсынуға жəне бағалауға байланысты мəселелерді түсіндіретін арнайы нормативтік қаулының да қажеттілігі сезіледі. Яғни электронды дәлелдемелердің кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін құқықтық құжат қажет.

Негізі дәлелдеме азаматтық іс жүргізу ғылымындағы көп зерттелген тақырып болғанымен жаңа технологиялардың дамуы салдарынан бүгінгі күні оны жаңа қырынан тану қажет болып отыр. Заманауи ақпараттық жүйенің көмегімен дәлелдемелердің қатарын көбейтуге біз енді келіп жатқанымызбен көптеген дамыған елдер бізден әлдеқайда бұрын оған мән берген. Мәселен Ұлыбританияда 1968 жылы, АҚШ-та 2000 жылы электрондық дəлелдемелерді қолдануға байланысты арнайы заңдар қабылданған. Расында да Ресейде азаматтық іс жүргізу заңнамасы тарихында жаңа технологиялардың көмегімен алынған ақпараттар сот ісін жүргізуде тек 2003 жылы дəлелдемелер қатарына енгізілді жəне олардың заңды мəртебесін анықтауға байланысты заңгерлердің пікірлері бір-біріне қайшы келді, бірі жазбаша, ал екіншілері заттай дəлелдемелер қатарына кіргізді.

Ресей заңгері А.П. Вершинин электрондық құжаттардағы ақпарат адамның шынайы болмыс туралы ойын (ұғым, тұжырым, ой қорыту) білдіретін болса, оларды жазбаша дəлелдемелерге жатқызады. Ал ешқандай ойды қамтымайтын, тек шынайы болмыстың бейнесі болып табылатын (мысалы, фотосурет) құжаттар жазбаша дəлелдеме деп таныла алмайды дей келе, оларды заттай дəлелдемелер ретінде  қарастырады. Бірақ Е.А. Нахова электронды дəлелдемелер жазбаша жəне заттай дəлелдемелерден бөлек өзіндік құқықтық сипатқа ие деген тұжырым жасайды. Электрондық дəлелдеменің жарамдылығы мен дұрыстығын куəландыратын жалпы белгісі ретінде оның кімнен шыққандығын, яғни авторын анықтау мүмкіндігінің болуы маңызды. Сол себепті электрондық дəлелдемелерді жазбаша немесе заттай дəлелдемелер ретінде бөлмей жалпы тəртіпте іске қатыстылығына,  жарамдылығына, дауды шешуде жеткіліктілігіне мəн беруді ұсынады. Сондай-ақ Д.В. Седельникова да электрондық дəлелдемелер сотта жиі қолданылатын болғандықтан, электрондық құжаттарды заңнамалық деңгейде дербес дəлелдеме түрі ретінде анықтау қажеттігін ескереді, ал электрондық дəлелдемені жазбаша дəлелдеменің бірі ретінде  қарастыру оның мəнін еш өзгертпейді деген пікірді ұстанады. Сондай-ақ осы бағыттағы дəлелдемелерді сот тəжірибесінде заттай немесе жазбаша деп бөлу күн тəртібінде туындап отырған мəселе емес. Дегенмен де, дəлелдеменің электрондық түрін құқықтық тұрғыдан жеке қарастыру ерекше назар аударуды қажет етіп отыр.

 Ресейдің белгілі заңгері А.Т. Боннер аудио-бейне жазбаның маңыздылығы соншалықты, ол шын мəнінде болған мəн жайларды толығымен қалпына келтіріп, сот пен іске қатысушыларға істің мəн жайларын қабылдауды жеңілдетеді деген көзқарасты ұстанады. Бірақ аудио-бейне жазбаларды сотта зерделеу барлық мемлекеттерде бірдей рұқсат етілмейді, əр мемлекеттің заң талаптарына сай жүзеге асырылады, кейбіреулері жеке адамның теріс қылықтары мен мінездерін көпшілікке жария етуді қаламайды. Мысалы Германияда отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жазылған аудио бейне жазбаларды сотта дəлелдеме ретінде қолдануға мүлдем жол берілмейді, бұл елде отбасы құпиясын құрайтын мəліметтерді тарату жəне олардың өміріне басқаларды араластыру секілді əрекеттерді көпшілікпен талқылауға заңмен тиым салынған. Əдетте сот ісін жүргізуде аудио-бейне жазбадағы ақпараттың мазмұнына емес, ондағы əрекет тек кімге тиесілі екендігін, дəлірек айтқанда жазылған мəлімет белгілі бір адамға немесе көпшілікке бағытталғанына мəн беріледі. Соңғы жылдары процестік нормаларды реформалау кезеңінде аудио-бейне жазбаларды қолданудың маңызын сот ісін жүргізу қажеттіліктеріне сай оңтайландыра отырып, жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Əрине, заманның талабы өзгерген сайын ғылыми-техникалық прогресс бір орында тұрмайды, аталған бағытта нəтижелі еңбектің салдарынан процестік нормалардың ұдайы дамуына жəне құнды тəжірибе жинауға көмектеседі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жиырма алтыншы тарауында сот отырысын аудио-бейне жазбасы арқылы жүргізу ерекшелігі қарастырылған, онда судьяның өкімдері мен ұйғарымдары, іске қатысушылар мен олардың өкілдерінің түсініктемелері, куəлардың айғақтары, сарапшылар мен мамандардың қорытындыларына берген түсіндірмелері, аудио бейне жазбаларды зерделеудің нəтижелері жəне бейне түсірілімді қарау туралы мəліметтер қысқаша хаттамаға енгізіледі. Бұл өз кезегінде сот отырысы хатшыларының уақытын үнемдеп қана қоймай, сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот  жүйесінің ашықтығы мен тиімділігінің кепілі болып табылады. Ал бұл алдағы уақытта қашықтықтан немесе аудио, бейне жазбаны қолдану арқылы өткізілген ашық сот отырысының бейне жазбасы электрондық дəлелдеме ретінде сотқа ұсынылу тəжірибесінің қалыптасуына жол ашады.

Дегенмен қоғамымыздың электронды құжатқа, цифрлы технологияға жедел көңіл бөлуі сот саласының да уақыт сұранысына сай бейімделуіне ықпал етуде.  Сондықтан елімізде соңғы жылдары интернет желісінің көмегімен алынған дəлелдемелерді сотқа ұсынудың маңыздылығы арта түсуде. Ең бастысы уақыт ағымына қарай сотта кездесетін істерде осындай дәледемелердің де көбеюі байқалуда. Яғни қандай да бір істерде біреудің құқық бұзушылығы ақпараттық технология жемісі телефон арқылы жүзеге асуы мүмкін. Әрине мұндай жағдайда басты дәлелдеме телефондағы жазбалар болары сөзсіз. Нәтижесінде азаматтық- құқықтық қатынас тараптарының арасында қашықтықтан мəміле жасау, өзгерту немесе тоқтату жəне ақша аудару, сондай-ақ сотқа талап арыз, өтінішхат жіберу секілді əрекеттердің орын алуы артқанын байқап отырмыз. 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің баптарында электрондық дəлелдемелерге қатысты нақты нормалар пайда болып, 65-баптың екінші бөлігі бойынша заң талаптары сақтала отырып алынған аудио-бейне жазбалар, электрондық материалдар жарамды дəлелдемелер қатарына кіргізілді. Бұл осы бағыттағы ең басты жұмыстардың бірі деуге болады. Жазбалар ғана емес суреттерді де пайдалану мүмкіндігі артты. Осы орайда заңның 99-бабында фото, аудио-бейне жазбаларды қандай мақсатта алынғандығын көрсету арқылы іске қатыстылығына сай сотта ұсыну мүмкіндігі көрсетілді. 2019 жылғы 2 сəуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту жəне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 8 енгізу туралы». Заңымен аталған кодекстің 77-бабының төртінші бөлігіне процестік əрекеттерге қатысуға тартылған маманның қорытындысын сотқа электронды түрде ұсыну мүмкіндігі енгізілді жəне 79-баптың екінші бөлігінде іске қатысушы адамдардың электронды түрде ұсынылған түсініктемелері азаматтық іске тіркелетіндігі қарастырылды. Осылайша уақыт ағымымен электронды дәлелдемелердің қолданыс аясы кеңейе түсті. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рəсімдері мен шығындарын қысқарту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен аталған кодекстің 100-бабы алтыншы бөлікпен толықтырылды, онда электрондық құжат нысанындағы дəлелдемелер жазбаша дəлелдемелер қағидасының талаптары сақтала отырып беріледі делінген. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерде көпшіліктің қағаз жеткізгіште жүргізілетін құжаттарға аса қызығушылық тудырмауын, сондай-ақ жыл сайын жаңа серпін алып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ықпалын ескеріп, оған басымдық беру мақсатында 2014 жылы «Электрондық сəйкестендіру жəне ішкі нарықтағы электрондық транзакциялар үшін сенімділік қызметтер 10 туралы» Заң қабылданды. Нəтижесінде Еуропа мемлекеттерінде мəмілелерді электронды түрде жүргізіп қана қоймай, электрондық дəлелдемелердің қауіпсіздігін жəне оның қажеттілігін іс жүзінде одан да маңызды, қағаз жүзіндегі дəлелдермен бірдей етіп, құқықтық тұрғыдан қолдау тапты. АҚШ-тың соттарында жаңа технологиялардың көмегімен алынған дəлелдеменің түпнұсқасы көз жеткізіліп негізге алынады, егер ұсынылған дəлелдеме шындыққа жанаспайтын болса, тиісті тұлға қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. Сонымен қатар, сотта дəлел ретінде ұсынылған электрондық құжаттарды бағалау кезінде электрондық хабарламаны дайындау, сақтау немесе беру жəне электрондық ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету мəселесі де маңызды орын алады. Бұнда заманауи жаңа технологиялардың көмегімен алынатын дереккөздердегі ақпараттарды зерттеу электрондық дəлелдемелердің сенімділігіне əсер етуі  мүмкін. Жалпы алғанда сотта зерделенетін электрондық дəлелдеме өзінің негізгі қызметін атқара алмаса да, істің мəнін ашып көрсете алатындай болу қажет.

Хорватия Жоғарғы Соты SMS-хабарламаларды сот талқылауы барысында дəлел ретінде пайдаланылуға рұқсат етілетінін растады, өйткені олар басқа тасымалдаушыда сақталатын кез келген басқа жазбаша мазмұн сияқты ақпарат көзі болып табылатындығын келтіреді. Əлем елдері өздерінің заңдарын дамытып қана қоймай, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың əсеріне бағынып отыр. Себебі мүліктік қатынастардағы қатысушылардың өзгеруі жəне қоғамның əлеуметтік қажеттілігі сəйкесінше жаңа технологиялардың көмегімен жасалынатын əрекеттерді заңдастыру мəселесіне негіз салуда. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуына байланысты кейбір авторлар өз кезегінде заңдарды сəйкестендіруден басқа сотқа келіп түскен электрондық дəлелдемелерді зерделеу арнайы білімді қажет ететіндігі алдағы уақытта туындайтын мəселе екенін ескереді. Шын мәнінде мұның барлығы уақыт ағымымен толықтырылып отырған құқықтық құжаттар болатын. Негізі ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін кеңірек пайдалану арқылы жұмысымыз әлдеқайда жеңілдеп, дәлелдемелердің де мүмкіндігі артқанын сезініп келеміз. Сондай ақ соңғы жылдары уақыт сұранысына сай бейімделген сот саласында ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі де кең қолданыла бастады. Атап айтсақ барлық сот залдары аудио-бейне жазба жүргізілетін жəне тек қана дискте жазылған электронды материалдарды зерделеуге мүмкіндік беретін арнайы компьютерлермен жəне теледидарлармен жабдықталды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2018 жылғы 9 маусымдағы № 6001-18-7-6/188 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисі арқылы іске қатысушыларға азаматтық, əкімшілік жəне қылмыстық сот істері бойыншабарлық сатыдағы сот ісін жүргізуде құжаттарды электронды 13 түрде сотқа ұсынуға жағдай жасалған.Сәйкесінше республика аумағындағы соттарға іске қатысушылардан тек құжаттарды электронды түрде қабылдап қана қоймай, олармен жаңа технологиялардың көмегімен арнайы TrueConf, Scype, Whatsapp немесе Zoom мобильді қосымшалары арқылы қашықтықтан онлайн режимінде сот отырыстарын өткізуге жəне электронды түрде сотқа өтінішхаттарды, дəлелдемелерді ұсынуға мүмкі құқықтық табиғатын негіздеуге мүмкіндік береді, ал мәліметтердің әсері шынайы фактілерді бейнелейді. Яғни электронды дәлелдемелерді сот отырысы барысында көрсету, пайдалану мүмкіндіктері бүгінгі күні сот залдарында артып отыр. Электрондық байланыс түрі жылдан жылға дәлелдеудің маңызды қайнар көзіне айналып келеді, сәйкесінше сот ісін жүргізуде іске қатысушыларға дәлелдемелердің электрондық түрін пайдалану ыңғайлы етіп, реттеуді қажет етеді. Сондықтан республикамыздың соттарында дәлелдемелерді зерттеуде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімене сүйене отырып, оңтайлы тәсілдерді енгізу тиімділігінің маңызы орасан зор. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегіне сүйене отырып, азаматтық-құқықтық қатынас тараптарының электронды түрде ақша аударымдарын жасау, хаттар жолдау, келісімге келу секілді əрекеттері электрондық дəлелдемелерді сотта жаңа қырынан зерделеу арқылы шындыққа қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызып отыр. Қазіргі сот тəжірибесінде көп жағдайда тараптардың зерттеуге ұсынған қағаз жеткізгіштегі дəлелдемелерден бөлек аудио-бейне жазбаны немесе скриншотты негізге алғандығы жиі кездеседі, ондағы негізгі мəселе тараптардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жəне заңды мүдделерін қорғау мақсатында электрондық дəлелдемелер арқылы дауды дұрыс жəне əділ шешуге бағытталған.

Пандемиялық жағдай да еліміздің соттарының тезірек ақпараттық жүйе артықшылығын пайдалана отырып, қашықтан сот отырыстарын өткізуге бейімделуіне алып келді. Бұл жағдай іске қатысушылардың сот отырыстарына негізсіз немесе əртүрлі сылтаумен келмеуіне байланысты кейінге қалдыру немесе соттардың істерді ұзақ уақыт қарау секілді мəселелерін қысқарта отырып, іске қатысушыларды əуре сарсаңға түсірмеуге сондай-ақ  коронавирустың таралу қауіпін төмендетуге мүмкіндік берді. Сондықтан мұндай сот отырыстарында дəлелдеменің электрондық түрін зерделеу күнделікті сот отырыстарында маңызды орын алып отыр жəне əрбір іс бойынша судья дəлелдемелерді іске қатыстылығына қарай бағалау жүзеге асуда. Осы орайда айта кетер жайт, соттар іс-материалдарын зерделеу барысында электрондық құжаттардың тұтастығына кепілдік беретін техникалық шарттардың сақталу мəселесіне мəн беруі тиіс. Ол шарт сақталмаған жағдайда, ондағы дəлелді ақпараттардың бұрмалану қаупіне алып келуі мүмкін. Бүгінде электронды дәлелдемелер кеңінен қолданылып жүрген дамыған елдерде мүмкіндігінше дəлелдеменің түпнұсқасына назар аударылады. Егер ұсынылған дəлелдеме шындыққа жанаспайтын болса, онда сол әрекеті үшін ол тұлғаға жаза қарастырылып, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Яғни электронды дәлелдемелерді бұрмалау, қолдан жасаудың заңмен көзделген жауапкершілігі бар. Жалпы электронды дәлелдемелердің маңызыдылығы артып келеді. Алайда елімізде жылдар бойы сот жүйесінде заманауи форматтарды қолдануға байланысты жасаған жұмыстарға қарамастан, электрондық дəлелдемелерді бағалау ерекшеліктері əлі де болса жеткілікті түрде реттелмегеніне куə болып отырмыз. Сондықтан алдағы уақытта елімізде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму дəуірінде электрондық дəлелдемелерді сотқа ұсынуға, сондай-ақ, азаматтық істі шешуде жеткіліктілігі тұрғысынан бағалауға байланысты арнайы нормативтік қаулы қабылданып, сот мүмкіндігі кеңейе түссе сот төрелігі де арта түсер еді!!!

Жолболдиева Дария Оразалиновна,

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранты

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...