12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электронды құрылғы түзеу мекемесінің баламасы болмақ

Түркістан облысы Жетісай аудандық пробация қызметі сотталғандарды бақылауға арналған заманауи технологияны іске қосты.

Нақтырақ айтқанда, істі болғандар бұдан былай электронды білезіктердің көмегімен бақыланып отыратын болады. Олардың жүріс-тұрысы мен әр қимылы арнайы жүйе арқылы қадағаланады.

Жетісай ауданының тұрғыны отыз бес жастағы Еділ алаяқтық үшін істі болған. Сот шешімімен үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған. Бұдан былай, пробация инспекторы оның әрбір қозғалысын электронды білезіктің көмегімен бақылап отырады.

  • Әрбір адам өзінің жасаған қылмысы үшін жауап беруі қажет. Менде өзімнің жасаған қылмысым үшін жазамды өтеудемін. Алғашқы кезде сот жүктеген міндеттерді орындамаудың соңы осындай қиындыққа соқтырады деп ойламаған екенмін. Бір жағынан темір тордың ар жағында жүргенше, осылай бақылауда жүргенім жақсы. Қазір заң бұзбаймын. Пробациялық бақылауда болсам да, жұмыс істей аламын. Білезік ыңғайлы. Жаза мерзімі біткенше тәртіп бұзбайтын боламын, — деді Еділ.

Бұл заманауи құрылғы ауыр қылмыс жасағандар мен жүйелі түрде заң бұзғандарға арналған. Жетісай аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ділшод Назаровтың айтуынша жазасын өтеушіге құралды пайдалану бойынша алдын ала түсінік беріледі. Істі болғандар білезікті абайсызда сыныдырып немесе қиратса, тиісті шара қолданылып, оның ақысын төлейді екен.

  • Біз электронды құрылғыны екі сотталғанға тақтық. Оның бірі шартты түрде сотталған, екіншісі бас бостандығынан шектеу жаза түріне сотты болған. Электронды білезік бір жылдық мерзімге арналған. Соталғандар жазаларын өтеу тәртібін бұзса, бізге бірден дабыл түседі. Біз өз кезегімізде сотқа шағым түсіреміз. Кейін сотталушы бас бостандығынан айырылып, түзету мекемесіне қамалады. Сотталғандарды күндіз-түні бақылаймыз. Арнайы бағдарлама арқылы сотталған адамның қайда жүргенін көріп отырамыз. Сонымен қатар, бұл заманауи құрылғы сотталғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алады деген сенімдемін, — деді пробация бастығы Ділшод Назаров.

Сондай-ақ, әділет майоры электронды жүйе қылмыстық деректі азайтады деген пікірде. Аталған заманауи құрал пробация жұмысын бір шама болса да жеңілдетеді. Электронды бақылау құралдары түрмеге қамауға алудың орнына қолданылады. Болашақта бұл құрылғыны бас бостандығынан айыру орындарына қамаудың баламасы ретінде қолданылуы мүмкін.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...