12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электрондық бақылау құралын қасақана бұзған Ақтөбе облысының Пробация есебіндегі азамат бас бостандығынан айырылды

Адамдармен топтасып, түнгі уақытта кафеге ұрлыққа түскені үшін сот үкімімен 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне қамалған Мұғалжар ауданының 27 жасар тұрғыны Сот қаулысымен бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі 1 жыл 9 ай 22 күнге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, 2022 жылдың маусым айында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 Пробация қызметінің есебіне алынды.

Пробация қызметіне есепке алу барысында Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметкерлері сотталған азамат А.-ға жазаны орындау тәртібі, сот жүктеген міндеттер мен пробациялық бақылаудың шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, жаза тәртібін бұзған жағдайда бас бостандығынан айырылатынын ескерткен болатын. Бұған қоса, аудандық пробация қызметі сотталған А.-ның түзелу жолына тұруы үшін жұмысқа орналастыру, ішімдіктен емдеу курсынан өткізу және тұрғылықты мекен- жайын тексеру барысында сотталғанмен ылғи профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп отырады.

Алайда, сотталған азамат А. пробация қызметкерлерімен өзіне көрсетілген осыншалықты қолдауды ескерместен, ішімдікке салынуын тоқтатпай, аяғына тағылған электронды бақылау құралын қасақана бұзған.

«Сотталған азамат жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны және пробация қызметкерлері таққан электронды бақылау құралын бұзғаны үшін түзеу мекемесіне қайтарылды»,- дейді Мұғалжар аудандық №1 Пробация қызметінің бастығы әділет майоры Гүлсезім Ешмагамбетова.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...