Электронды атқару құжаттарын жіберу тәртібі және олардың тиімділігі

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты адамдар арасындағы байланыс жасау тәсілдері де өзгерді. Соның ішінде электрондық хаттар күнделікті өмірде, оқу орындарында, мекемелерде және бизнесте кеңінен қолданылатын маңызды байланыс құралына айналды. Электрондық пошта арқылы болғандықтан, оның маңызы күн сайын артып келеді. Алайда электрондық хаттарды дұрыс рәсімдеп, белгілі бір тәртіппен жіберу қажет. Сонда ғана хат өз мақсатына жетіп, нәтижелі болады.

Ең алдымен, электрондық хат жіберудің өзіндік тәртібі бар. Бірінші кезекте хат жолдайтын адамның электрондық мекенжайын дұрыс енгізу керек. Егер мекенжайда дұрыс енгізу керек. Егер мекенжайда қате кетсе, хат тиісті адамға жетпейді. Одан кейін хаттың тақырыбын көрсету маңызды. Тақырып қысқа, нақты және мазмұнды болуы тиіс. Мысалы, «жиналыс туралы ақпарат», «құжаттарды жіберу», «сұхбатқа шақыру» деген секілді атаулар хат мазмұнын бірден түсіндіреді.

Электрондық хаттарға файл тіркеу де жиі кездеседі. Мысалы, құжаттар, суреттер, кестелер немесе презентациялар жіберілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тіркелегн файлдың дұрыс таңдалғанын және ашылатынын тексеру қажет. Кейде адамдар файл тіркеуді ұмытып кетіп жатады, бұл қосымша уақыт жоғалтуға әкеледі. Сондықтан хатты жібермес бұрын барлығын қайта қарап шығу маңызды.

Дегенмен электрондық хаттарды пайдаланғанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Белгісіз адамдардан келген хаттарды ашпау, күмәнді сілтемелерге кірмеу, құпиясөзді ешкімге бермеу маңызды. Себепі алаяқтық әрекеттер мен вирустар электрондық пошта арқылы таралуы мүмкін.

Қорытындай келе, электрондық хаттар — қазіргі қоғамдағы ең қажетті байланыс құралдарының бірі. Олардың дұрыс тәртіппен жіберу адамның сауаттылығын, жауапкершілігін және мәдениетін көрсетеді. Ал олардың тиімділігі уақыт үнемдеу, жылдамдық, қолжетімділік және ыңғайлылық арқылы байқалады. Сондықтан әрбір адам электрондық хат жазу ережелерін меңгеріп, оны орынды пайдалана білуі тиіс.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараралық соты әкімшісінің бас маманы сот отырысының хатшысы: Мусаева Балжан Азаматқызы

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Үкімет  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі

Қазіргі таңда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері айрықша...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ —  МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - құқықтық мемлекет құрудың және...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – мемлекеттің тұтастығын нығайтатын, қоғамды біріктіретін маңызды құндылық....