Электрондық сот жүйесі

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы қоғамның барлық саласына, соның ішінде сот жүйесіне де зор ықпал етті. Әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мен халықтың сотқа қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстанда электрондық сот жүйесі енгізілді. Бұл жүйе сот ісін жүргізу үдерісін жеңілдетіп, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ететін маңызды қадам болды.

Электрондық сот жүйесінің басты мақсаты-азаматтар мен ұйымдарға сотқа жүгіну, құжат тапсыру, істің барысын бақылау сияқты процестерді қашықтықтан орындау мүмкіндігін беру. Осы арқылы уақыт пен қаржы үнемділігін беру. Осы арқылы уақыт пен қаржы үнемделіп, бюрократиялық кедергілер азайды.

Қазіргі уақытта сот органдары «Төрелік», «Сот кабинеті» сияқты электрондық платформалар арқылы жұмыс істейді. Мысалы «Сот кабинеті» сервисі азаматтарға талап арыз, өтініш, шағым беру, істің қаралу барысын қадағалау және сот шешімін онлай алу мүмкіндігін ұсынады. Бұл жаңашылдық сот жұмысының ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға септігін тигізді.

Электрондық сот ісін жүргізудің тағы бір артықшылығы-процестің жеделдеуі. Бұрын қағаз жүзінде бірнеше күн, тіпті апта қажет болған процестер енді бірнеше сағат ішінде жүзеге асады. Сонымен қатар, сот отырысының бейнебайланыс арқылы өтуі шалғай өңірлердегі азаматтарға да сотқа қатысуға мүмкіндік береді.

Алайда, бұл жүйенің дамуына кедергі келтіретін кейбір мәселелер де бар. Мысалы интернет жылдамдығының төмендігі, ақпараттық қауіпсіздік, кейбір азаматтардың цифрлық сауаттылығының жеткіліксіздігі сияқты факторлар жүйенің толыққанды жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан мемлекет тарапынан осы бағыттағы инфроқұрылымды жетілдіру, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстары жалғасуда.

Электрондық сот жүйесі — Қазақстанның сот саласындағы ең ірі цифрлық реформалардың бірі. Ол әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген заманауи сот төрелігін қалыптастыруға зор үлес қосып отыр. Уақыт өте келе бұл жүйе одан әрі жетілдіріп, азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайта түсетіні анық.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-

            сот отырысының хатшысы  А.А.Байжанова

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...