Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды

Қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Отандасымыз финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден айласын асырды. 

Елдос қарсыласын негізгі уақытта-ақ жеңіп шықты. Белдесу аяқталуға бір минут қалғанда вазарри әдісін сәтті орындады. 

Финалдық белдесуді Франция президенті Эммануль Макрон арнайы келіп тамашалады.

Елдос бірінші белдесуінде Нидерланд елінен келген Торнике Чкадуаны жарыс жолынан шығарды. Одан кейін украиналық Дильшот Холматовтан айласын асырды.

Екі бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған Елдос ширек финалда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған тайпейлік Янг Юнг Вейді жеңді. Жартылай финалда отандасымыз 2023 жылғы әлем чемпионы Франциско Гарригосты жеңіп шықты.   

Елдос Сметов үш бірдей Олимпиадада жүлде алған екінші қазақстандық спортшы атанды. Ол 2016 жылғы Рио Олимпиадасында – күміс, Токио Олимпиадасында қола алды. Бұл жолы алтын бұйырды. Дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші жүлде. Осыған дейін нысана көздеуден аралас жарыста мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алған болатын.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.