Тәуелсіздік таңы атқалы 33 жыл болды. Осы жылдар ішінд еліміз айтуды
белестерді бағындырды. 1986 жылдың желтоқсанындағы азаттыққа ұмтылған
жастар үні тек КСРО-ны ғана емес, әлемді дүр сілкіндірді. 1990 жылы 25-
қазанда Қазақ КСР-інің «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларациясы
қабылданып, онда Қазақстанның халықаралық қатынастардың дербес
субъектісі болу, сыртқы саясатты өз мүделлеріне сай белгілеу, халықаралық
ұйымдардың қызметіне қатысу құқықтары нақтыланды. Осылайша, алғаш
рет еліміздің егемендігі заңдық тұрғыда бекітілді. 2022 жылы 25-қазан ресми
түрде Республика күні болып бекітіліп ұлттық мәртебеге ие болды.
1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда Республикамыздың
Тұңғыш Президенті сайланып, көп ұзамай Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды. 1992 жылы 7-мамырда Қазақстанның
Қарулы күштері құрылды. 1993 жылы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш
Конституциясы өмірге келді. Кейіннен, яғни, 1995 жылы Конституция
толықтырылып, жалпыхалықтық референдуммен қайта қабылданды. Ең
бастысы ел шекарасы айқындалып, тарихымыз түгенделді.
Егемендік алуымыз өз ғарышкерлерімізге ммүкіндік берді, Тоқтар
Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов сынды халқымыздың батыр
ұлдары ғарышқа ұшып, республикамызды әлемге танытты.
Елдің өркендеуі сот жүйесін жаңа деңгейге көтерді. «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауымен сот
төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлату, басы артық бюрократиялық
рәсімдерден арылту міндеттері қойылды. Соған сай, соттар жұмысына жаңа
ақпараттық технологиялар белсенді түрде енгізілді. Билер институты
жаңғыртылып, ҚР Медиация туралы заңы қабылданды. Бұдан өзге де заңдар
жаңартылып, әкмшілік әділет институты енді. Соттар мамандандырылды.
Конституциялық сот қайта жаңғыртылды. Тәуелсіздік жылдары атқарылған
шаралар нәтижесінде халықтың соттарға деген сенімі нығаюда.
Сот жүйесінің дамуында айрықша рольге ие ҚР Судьялар одағының 9
съезі өтті. Әр съезде сот жүйесін жетілдірудің жаңа стандарттары
жоспарланды. Қазақстанның Судьялар одағы Халықаралық судьялар
қауымдастығына толыққанды мүше болды. «Қазақстан Республикасының
сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» заң жаңартылды. «100 нақты
қадам» ұлт жоспары аясында жүзеге асырылған реформалар сот жүйесін одан
әрі дамытудың жаңа маңызды кезеңі болды.
Келер жылы елімізде кассациялық соттар жұмысын бастайды. Мұның өзі
ел азаматтарының құқықтары мен бостандығын, заңды мүдделерін әділ
қорғауға кепілдік етеді. Тәуелсіздік алғалы жүргізілген реформалар дербес
сот билігін қалыптастырып, оны кадрлық және материалдық тұрғыда
қамтамасыз етуде. Сот жүйесінде болған өзгерістер азаматтардың өз
құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына нық жол ашты.
Айтып өтерлігі, 25-қазан Республика күні – елдің мемлекет құру жо-
лындағы тарихи қадамының символы, ал, Тәуелсіздік күні 16-желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан батырларымыз бен қайраткерлерімізге
тағзым етер күні ретінде аталады.
Айсара Жилкибаева,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы