12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕЛДІК НЫШАНДАРҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Мемлекеттік рәміздер – елдің басты нышаны. Рәміздерге деген құрмет сөзбен емес, іспен, насихатпен қалыптасады. Ал мемлекеттің бет-бейнесін білдіретін рәміздерді қорлағандарға заңдық тұрғыдан жауаптылық белгіленген.

Заңгер Ержан Сапарбаевтың айтуынша: «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 418-бабына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлау – айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу шараларына әкеледі. Бірақ құқықтық жазалау – бұл мәселені шешудің түпкі жолы емес. Біз алдымен, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруымыз керек. Ту мен Елтаңбаны дұрыс қолдану нормаларын мектептен бастап түсіндіру қажет. Көптеген дамыған елдерде, мысалы, АҚШ-та, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет мәдениеті кішкентай кезден бастап қалыптастырылады». Рәміздерге деген құрмет тек заңмен ғана емес, тәрбие арқылы да қалыптасуы керек. Бұл тұрғыда білім беру жүйесінің рөлі ерекше. Бүгінде мектептерде әр дүйсенбі күні таңертеңгі жиында мемлекеттік әнұран орындалады. Бірақ бұл шара кей оқушылар үшін тек рәсімдік деңгейде өтіп жатқаны жасырын емес. Білім саласының ардагері, педагогика ғылымдарының докторы Жанар Құсайынова осы мәселеге тоқталды: «Балаларға рәміздердің мағынасын тек қағаз жүзінде түсіндіру жеткіліксіз. Оларды шынайы сезіну керек. Бізде тарих пәнінде Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы тараулар бар, бірақ бұл тақырыптар көбінесе құрғақ мәліметтер түрінде ғана беріледі. Мысалы, балаларға Тудың көгілдір түсі – бейбітшілік пен тұрақтылықты білдіреді деп айтамыз, бірақ олар оны күнделікті өмірде сезіне ме? Оқушылар тек жаттап алып, ұмытып кетеді. Ал басқа елдерде бұл мәселе басқаша шешілген. Мысалы, Жапонияда патриоттық тәрбие балабақшадан басталады. Олар мектеп бағдарламасында ұлттық құндылықтарға ерекше назар аударады. Қазақстан да осы тәжірибені қолданса, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет жоғары болар еді». Бірақ қазіргі қоғамда рәміздерге деген көзқарас екіұшты. Бір жағынан, ресми деңгейде рәміздерге деген құрмет сақталғанымен, қарапайым халық арасында бұл түсінік әлсіреп барады. Бұл жағдайдың бірнеше себебі бар. Біріншіден, патриоттық тәрбие жеткілікті деңгейде жүйелі жүргізілмейді. Рәміздердің мәнін түсіндіру мектеп бағдарламасында бар болғанымен, ол формальды сипатқа ие. Оқушылар оларды тек тест сұрақтарына жауап беру үшін жаттайды, бірақ олардың тарихи, мәдени және рухани маңызын толық түсіне бермейді. Екіншіден, рәміздерді пайдалану мәдениеті қоғамда дұрыс қалыптаспаған. Ту тек ресми шараларда көтеріліп, басқа уақытта ұмытылады немесе тіпті орынсыз жерлерде қолданылады. Әнұранды тек спорттық жарыстар мен мемлекеттік жиындарда орындайды, бірақ ол халықтың күнделікті рухани тірегіне айнала қоймады. Үшіншіден, заңдық нормалар бар болғанымен, оларды сақтау деңгейі әрдайым жоғары емес. Рәміздерді қорғау – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті. Қазақстан біріншіден, білім беру жүйесінде рәміздерге қатысты бағдарламаларды қайта қарау қажет. Балалар мен жастар мемлекеттік нышандардың терең мағынасын түсінуі үшін оларды тарихпен, ұлттық мәдениетпен және қазіргі заманауи трендтермен ұштастыру керек. Сонымен бірге, қоғамда рәміздерді қолдану мәдениетін қалыптастыру өзекті. Азаматтар рәміздерді қалай пайдалану керектігін және оларды қорлау қандай салдарға әкелетінін нақты білуі керек. Ең бастысы – рәміздерге деген шынайы құрмет тек заңмен немесе жазамен емес, сана-сезіммен, ұлттық рухпен және жүрекпен келуі тиіс. Егер әрбір қазақстандық өз елінің Туын көргенде мақтаныш сезімін сезініп, әнұран шырқалғанда рухтанып, Елтаңбаға қарағанда мемлекеттіліктің маңызын ұғына алатын болса, онда біз ұлттық бірегейлігімізді сақтап, болашақ ұрпаққа тәуелсіз Қазақстанның нағыз рухын қалдыра аламыз.

Самал АСҚАР, «Заң газеті»

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

Бала тәрбиесі – бұл тек ата-ананың ғана емес, бүкіл...

Президент направил поздравление по случаю открытия памятника Нургисе Тлендиеву

В честь 100-летия со дня рождения Народного героя, выдающегося...

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор...

От «tiktok» до альцгеймера: правда и вымыслы о клиповом мышлении 

ПОДРОСТОК, ДА И НЕ ТОЛЬКО, В ТЕЛЕФОНЕ ПРОВОДИТ ПОЛЖИЗНИ:...

Вместе за безопасность

Безопасность – это не просто отсутствие преступности, это состояние...