12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Қазақстан – тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекет құру жолында сындарлы кезеңдерден өткен ел. Осы жолда елдіктің негізі болған үш маңызды құндылық бар: патриотизм, бірлік және тұрақтылық. Бұл құндылықтар тек ұран не сөз жүзіндегі ұстаным емес, әр қазақстандықтың жүрегіне ұялауы тиіс өмірлік қағида. Ал осы ұғымдардың бірігуінен туған басты символ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Олар – ел Тәуелсіздігінің нақты белгісі, ұлттың рухани тұғыры.

Патриотизм – бұл туған жерге, еліне, тіліне, халқына деген махаббат пен адалдық. Бұл ұғым жастарға жай ғана «Отанды сүю керек» деген үгітпен емес, нақты əрекетпен, үлгімен берілуі керек. Мысалы, шекара күзетінде тұрған сарбаз, ұстаздық еткен мұғалім, ауылда еңбек етіп жатқан шаруа – барлығы патриотизмнің нақты көрінісі. Қазіргі жаһандану дəуірінде ұлттық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік – жастар тəрбиесінің өзегі болуға тиіс. Өйткені елін сүйетін азамат – елге қызмет етуден қашпайды. Ал елге қызмет ету – тек саясатта емес, күнделікті еңбек пен өмірлік таңдаудан басталады. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан көп ұлтты, көп дінді қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтап келген ел ретінде əлемге танылды. Бұл – кездейсоқ жетістік емес. Бұл – елдегі бірлік пен тұрақтылықтың жемісі. Қоғамда тұрақтылық болмаса, экономика дамымайды, білім мен ғылым алға баспайды, жастардың болашағына сенім азаяды. Сондықтан бірлік – тек ұран емес, елдіктің іргетасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та əр сөзінде қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау қажеттігін атап өтеді. Бірлік – тек ұлт пен ұлыс арасындағы келісім емес, бұл – бір мақсатқа жұмылу, елдің болашағы үшін жауапкершілік сезіну. Бүгінгі таңда бұл құндылықтар бүкіл қазақстандық қоғамды біріктіріп тұрған басты тетік. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері – Ту, Елтаңба жəне Əнұран – бұл жай символ емес. Бұл – Тəуелсіздігіміздің, егемендігіміздің, мемлекеттігіміздің жарқын көрінісі. • Ту – ашық аспан мен бейбітшіліктің, өрлеу мен еркіндіктің нышаны. Ондағы алтын күн мен қыран бейнесі – қазақ халқының биік арманы мен еркіндігін бейнелейді. • Елтаңба – мемлекетіміздің тарихы мен руханиятын біріктірген рəміз. Шаңырақ – бірлік пен отбасының символы, ал қанатты тұлпар – еркіндік пен болашаққа ұмтылыс. • Əнұран – халықтың рухын көтеріп, бойға отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін ұялататын ұлттық гимн. Бүгінде бұл рəміздер тек ресми ғимараттарда емес, əр қазақстандықтың жүрегінде орнығуы керек. Жастар мектеп қабырғасынан бастап рəміздердің мəні мен маңызын түсініп өсуі қажет. Себебі елін сыйлаған адам – оның рəмізін де құрметтейді.

Самал АСҚАР, «Заң газеті»

Психиатрическая экспертиза против воли

Шокирующий случай произошел на прошлой неделе в Алматы. Мужчину...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...