12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛУДА

Алматы облысы Кеген ауданы бойынша сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 345 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда өңірдегі елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы 91 пайыз болып отыр. Кеген ауданының тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Кеген су құбыры» МКК жұмыс жүргізуде. Онда сумен жабдықтау нысандарының 10 жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Аудан əкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, өңірде жол салу жұмыстары да жоспарға сай жүзеге асуда. Былтыр ауыл іші жолдарын маршруттық тəсілмен жəне орташа жөндеу жұмыстарына 1,6 млрд теңге бөлініп, Кеңсу, Жайдақбұлақ, Алғабас, Ақтасты ауылдарында асфальт жабындысы төселіп, жол жұмыстары толық аяқталды. Ұзынбұлақ, Көкпияз, Шырғанақ, Жалаулы, А.Нүсіпбеков ауылдарының көше жолдарына қиыршық құм тас төселіп, жолдың негізі жасалуда. Ал Ақсай, Жалағаш ауылдарының көше жолдарына қиыршық құм тас төселіп, жолдың негізі жасалды. Бүгінгі күні асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіліп, Ұлттық жол активтері сапасы орталығының қорытындысы күтілуде. Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кеген ауылының ішкі көшелеріне жол таңбасын сыздыру жəне 8 участокке жасанды жол кедергілерін қою жұмыстары аяқталды. «Биыл өтпелі 8 жобаға 1036,3 млн теңге бөлінді. Атап айтқанда Жалағаш, Ақсай, Жалаулы, Шырғанақ, А.Нүсіпбеков, Көкпияз, Ұзынбұлақ, Мыңжылқы – Шарқұдық ауылдарының ішкі жолдарына маршруттық тəсілмен жəне орташа жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Сондай-ақ тағы 13 жобаға 1 млрд 736 млн теңге бөлінді. Оның ішінде: Тасашы (25,1 млн теңге), Талды (17,3 млн теңге), Тоғызбұлақ (125,9 млн теңге) ауылдарына ішкі көше жолдарына маршруттық тəсілмен жөндеу жұмыстарына барлығы 168,4 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу порталына берілді. Саты ауылынан автотұрақ салуға 394,3 млн теңге бөлініп, жұмыстар басталды. Кеген ауылының ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстарына 22,4 млн теңге. Бұдан бөлек 12 ауылдық округтердің ішкі жолдарына жасанды жол кедергілерін орнатуға 75,6 млн теңге бөлініп, жоспарлануда», – дейді Н.Теңізбаев. Аудан əкімінің сөзіне қарағанда, биыл облыстық маңызы бар Қарқара–Ереуіл автомобиль жолдарының 2,200-10,140 шақырым участкесіне орташа жөндеу жұмыстарына 43,3 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдарға «ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК Алматы облыстық филиалы арқылы Кеген ауданының автомобиль жолдарындағы 4 нысанға орташа жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталына қайталап беріліп, 3 нысанның мердігерлері анықталып, жұмыстар жүргізілетін болады. Атап айтсақ: «Көкпек–Кеген–Түп» 26-41 км аралығы, Жалағаш бұрылысынан Ақсайға дейін – 15 км жол; «Көкпек–Кеген–Түп» 68-88 км аралығы, Кегеннің кіре берісінен Қарқараға дейін 20 км жол. «Кеген-Нарынқол» 0-37 км аралығы, Кегеннен Текеске дейін – 74 км жол, «Жалағаш–Саты–Көлсай көлі» 3-24 км аралығы – 21 км жол.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...