Елден қалмай Түркиядан үй алуға ниеттімін — Ерке Есмахан

Соңғы уақытта Түрік елінен үй алушы қазақстандықтар саны арты. Әсіресе, танымал өнер өкілдері. Олар отандастарынан көрші елден үй алуға кеңес беріп, жарнама жасайды. Олардың қатарына Ерке Есмахан қосылды, деп жазады stan.kz.

Әнші Түркиядан үй алуға ниетті екенін айтты. Алайда бұл оның түпкілікті шешімі емес.

«Соңғы уақытта Түркияға көшіп жатқан қазақтар саны көбейді. Бәлкім, бұған бірнеше себеп бар шығар. Менде жұрттан қалмай Түркиядан үй алуға ниеттімін. Бірақ, біресе алғым келеді, біресе айнып қалам.? Үй алу болашаққа инвестиция құю деп білем. Осы мәселеде сіздер не ойлайсыздар?», -деп жазды Есмахан парақшасында.

 

Бұған дейін қазақстандықтарға Түркиядан үй ауға кеңес берген бірнеше әнші сын астында қалған еді. Қоғам белсенділері мен танымал тұлғалар оларға қарсы шықты. Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінеді.

«Керемет, алу керек мүмкіндік барда», «Туған еліне еш жер жетпейді. Сіз нағыз патриотсыз ғой. Өз елінізді мақтан тұтыңыз», «Туған үйдің түтіні жылы», «Жағдайыңыз келіп тұрса неге алмасқа алған», «Елді олай үгіттемеңіз, әншілерді жарнама үшін пайдаланады, оларға үй болса болды», «Түркиядан үй алу қайда бізге, танымал адамдар алмаса», «Түркиядан үй алғанша, өз еліңнен алмайсың ба?»,  деп жазды олар.

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан...

Крах финпирамиды: не случайность, а неизбежность 

С ГРОМКИМ ТРЕСКОМ ОБРУШИЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА ФИНАНСОВАЯ ПИРАМИДА. ПОД...

Цена нарушенной безопасности

СУД В ЩУЧИНСКЕ ВЫНЕС ПРИГОВОР ПО ДЕЛУ О ВЗРЫВЕ...

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні түзеу мекемесінде тойланды

Сотталған азаматшалармен мазмұнды дене шынықтыру-спорттық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру,...