Елдегі АЭС қауіпсіздігі үшін жауапты орган кім болады?

Атом энергиясы жөніндегі агенттік АЭС-тің қауіпсіздігі үшін жауапты болатын мемлекеттік органдарды атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қадағалайтын негізгі орган — Атом энергиясы агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті. Ол барлық қауіпсіздік талабы сақталуын бақылауға, тексеруге, лицензиялауға жауапты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтар өңделуін, қоршаған ортаға радиациялық әсерді — жалпы экологиялық нормативтер сақталуын бақылайды.

«Басқа мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде өнеркәсіп қауіпсіздігі, су ресурстарын қорғау, санитариялық қадағалау, төтенше жағдайлар және басқа да бағыттағы мәселелерде жұмылдырылады. Ядролық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттары сақталуына АЭХА тарапынан бақылау жүргізіледі», — деді ведомство өкілі.

Қазақстандағы АЭС құрылысы

2025 жылы ақпанда Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы алғашқы АЭС салынатын орын болып белгіленді.

Жуырда ресейлік «Росатом» компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетін халықаралық консорциумның көшбасшысы болып таңдалды.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...