Елде инфляция 2015 жылғы деңгейден асып кетті – Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Президент отырыс барысында елдегі экономикалық жағдай туралы айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай ілгерлеу байқалған. 

«Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар», — деді Тоқаев. 

Сонымен қатар президент елдегі инфляция деңгейінің 2015 жылғы деңгейден де асып түскенін мәлімдеді. 

“Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті», – деп қосты ол. 

Бірыңғай QR жүйесі шілдеден бастап жұмыс істей бастайды 

Қазақстанда банкаралық бірыңғай QR-төлем жүйесі 19 шілдеден бастап іске қосылады.

Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандар сотталды 

Алматы облысында субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша сот үкімі шығарылды.

Президент Жарлығы: Ұлттық музейге жаңа мәртебе берілді 

Министрлік Мемлекет басшысының елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен ұлттық құндылықтарды ұлықтау ісіне айрықша мән беріп келе жатқанын баса атап өтті.

Семейде футбол төрешісі 5 тәулікке қамауға алынды 

Семейдегі матч кезінде орын алған оқиға үшін футбол төрешісі Арман Есмұратов 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ветеринарлардың жалақысын көтеру қажет – Жигули Дайрабаев 

Депутат ветеринария басқармаларын бөлек құрылым етуге шақырды.