12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ел мерейін асырған жас заңгерлер

2025 жылдың 25 қазан күні елордамыз — Астана қаласында Республика күні мерекесіне орай ерекше рухани серпіліс сыйлаған «Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті» атты салтанатты марапаттау кеші өтті.

Бұл мәртебелі шара — ел болашағы саналатын білімді, талапты әрі отаншыл жастарды қолдауға бағытталған айтулы оқиға болды. Кеш барысында түрлі жоғары оқу орындарының озат студенттері марапатталып, олардың білімге, ғылымға және қоғамдық өмірге қосқан үлестері жоғары деңгейде бағаланды.

Осы маңызды іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Тұрысбек Рысбек Берікұлы бастаған бір топ дарынды студенттер қатысты. Олар өздерінің ізденімпаздығы, белсенділігі және жоғары кәсіби даярлығы арқылы факультетіміздің абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Факультет студенттері еліміздің заң ғылымын дамытуға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және әділ қоғам құру жолында терең білім мен биік рух танытып келеді. Осындай жастар — ел ертеңінің тірегі, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінің кепілі.

Бүгінгі жетістік — жас заңгерлеріміздің табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының бағыт-бағдары мен қолдауының айқын нәтижесі. Университет қабырғасында қалыптасқан парасаттылық, әділдік пен жауапкершілік қағидалары студенттеріміздің өмірлік ұстанымына айналған.

Жас заңгерлер өз білімдерін тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибе барысында да ұштап, түрлі құқықтық форумдар мен олимпиадаларда, ғылыми жобаларда белсенділік танытып жүр. Бұл олардың кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетеді.

Әрбір студенттің жеңісі — ұстаз еңбегінің жемісі. Тәжірибелі оқытушылар студенттерге тек құқықтық білім ғана емес, сонымен қатар адамгершілік құндылықтар мен отаншыл рух дарытып келеді. Ұжымның ұйымшылдығы мен тынымсыз ізденісі арқасында факультет түлектері бүгінде еліміздің түрлі құқық қорғау және мемлекеттік органдарында абыроймен қызмет атқарып жүр.

Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтай отырып, олардың жетістігіне үлес қосқан барша ұстаздарға және осындай мүмкіндік сыйлаған университет әкімшілігіне зор алғыс білдіреміз.

Болашақ заңгерлеріміздің жұлдызы жарқырап, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қоса берсін! Әрбір жас маман әділдіктің туын биік ұстап, құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етеді деп сенеміз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының

Phd докторы, доцент С.Б. Дүзбаева

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық,

қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының

аға-оқытушысы А.Ж. Жақыш

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің
қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының
аға-оқытушысы Р.Б. Тұрысбек

Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің санаттары мен алқабилер алқасының құрылу процесі

           Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот алқабилердің қатысуымен аса ауыр...

Тазалық — мәдениеттің айнасы

2025 жылдың 11 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Ұлт рухын жаңғыртқан жарыс

Асық ату – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Мүмкін, сондықтан...

“Қайда барсаң да құжат керек”: Мойынқұмдық ақсақалдың күрделі жолы

Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі....

ЕЛ РУХЫ БІР КӨТЕРІЛІП ҚАЛДЫ

Халыққа қызмет етіңдер! З. Нұрқаділов. Кереге таулы Кеген өңірінде бұл күні...