12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ел дегенде емірен, тіл дегенде тебірен

«Ел дегенде емірен, тіл дегенде тебірен»,- деп Қадыр ақын айтпақшы, әрбір ұлт үшін тілінен асқан байлық жоқ. Себебі, тіліміз арада қанша жыл өтсе де өз құндылығын жоймай, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Тарихты сөйлетсек, сонау Талас-Орхон-Енисей жазулары, Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік», Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметінен» бастау алатын қазақ тіліміз сөздік құрамы жағынан өте бай тіл саналады. Мысалы, қаза тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарында. Сондай-ақ,  дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тіл мен мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр екен.

Конституцияның 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Еліміздің сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады. Бүгінде Маңғыстау облысы соттарында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында  түрлі іс-шаралар атқарылуда. Атап айтсақ, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін мемлекеттік мекеме және құқық қорғау органдарының өкілдерімен  семинар, дөңгелек үстел,конференция, жиындар өткізу, хат жолдау күн тәртібінен түскен емес. Сондай-ақ, өңірде  өткен жылы сот қызметкерлері қазақ тілі мәдинетін арттыру және сауатты жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында  «Практикалық қазақ тілі» курсына қатысты.

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін», — деген еді. Сондықтан, рухы биік әрбір қазақтың мемлекеттік тіліміздің айбынын асқарлы етіп, мәртебесін арттыратын күні жетті деп есептеймін.

АЙЖАМАЛ НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісі

Сотты құрметтемегендерге жаза бар

Еліміздегі биліктің бір тармағы саналатын соттың мәртебесі биік, беделі...

Ар-намысты сот арқылы қорғауға кедергі жоқ

Әлеуметтік желі қолданушылардың белсенділігінің өсуі, ақпараттық қоғамның қалыптасуы ар-намысты...

Жолдау – басты бағдарымыз

Қазақстан Президентінің халыққа жолдау арнауы 1997 жылдан бері үзілмей...

Жеке мәліметтерге сақ болған жөн

Ақпараттық технологиялардың дамуы алаяқтық түрлерінің өсуіне әкелуде. Солардың бірі...