12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ел дамуына үлес қосқан тұлғалар мерекелік медальмен марапатталды

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде еліміздегі жүзден астам ұлт бір шаңырақтың астында «бір ел, бір халық, бір тағдыр» қағидасымен өмір сүріп келеді. Ешкімді алаламай барлығына бір ел деп қарап, барша ұлтты тең санап, бір халыққа балаған, елімізде неше түрлі жағдайлар болып жатса да бір тағдырға байланған ел ретінд тату тәтті өмір сүріп келе жатырмыз. Бір көршімізде төңкеріс болып, енді бір көршіміз сан түрлі дүрбелеңді бастан өткеріп, жатса да елімізде татулық пен тұрақтылық туы жығылған емес. Мұның барлығы әрине еліміздің дамуына, ұлттар достастығының сақталуына ықпал етіп келе жатқан тұлғалардың арқасы екені даусыз.

Солардың бірі ұлт жанашыры, кәсіпкер Динара Бердімұрат. Соңғы жылдары әр саладағы іскер, ел жанашырына айналған азаматтарды марапаттап, түрлі номинациялар тағайындап, елге қызмет етуге ынталандырып, «Батыр шапағаты», «Алтын жүрек», «Ел жанашыры» номинацияларын өткізіп жүрген батыр қыз жақында тіпті «300 қайраткер» кітабын да шығарып үлгерді. Аталмыш кітапта еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздің түрлі саласында қызмет етіп жүрген мықты тұлғалар жинақталған. «Еңбек ері» де, қырық жылдық еңбек өтілі бар ұстаз да, мыңдаған адамды ажал тырнағынан арашалаған дәрігер де, тіпті әлеуметтік желіде халық назарын аударған ерекше мамандық иелері мен спортшы да бар.

 Қанша жерден әркім өзі үшін мамандық таңдап, өзі үшін еңбек етеді десек те, өзін ел дамуы жолында арнап, еңбегін адал атқарып жүрген жандарды марапаттау оларды басқаларға үлгі етіп қана қоймай, мотивация да берері анық! Сондықтан қазіргі таңда «Батыр шапағаты», «Алтын жүрек», «Ел жанашыры» сынды марапаттау кештеріне дән риза мамандық иелері жетерлік. Олар одан ары еңбек етіп, тіпті бірігіп қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, халыққа қол үшін созуды да жолға қойып келеді. Соның айғағы ел ішіндегі талай игілікті шарада Динара ханым марапаттаған тұлғалардың қолтаңбасы бар. Мұның барлығы айналып келгенде Динара Бердімұрат ханымның ұйытқы болуымен жүзеге асып отыр. 

Осы орайда қай ұлт өкілі екенін қарамастан, барша тұлғаларды әрекетіне сай елеп ескеріп келе жатқан, марапаттап, мемлекет дамуы жолында адал еңбек етіп келе жатқан азаматтарды ынталандырып отырған Динара Бердімұраттың «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградталуы орынды ақ! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі төрағасы болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік медалі Президенттің бастамасымен ел ішіндегі татулықты, бірлікті насихаттауға ықпал етіп отырған жандарға бұйырып отыр. Сондықтан осынау құрметке лайық жандардың марапаты құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен гүлденуі, дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында басқаларға үлгі бола беріңіздер! 

Ерзия Қонысбай 

Ата-ананың кәмелеткке толмаған баласына қатысты алименттік міндеттемелері

Отбасы – бұл сыйластық, ауызбіршілік, махаббат орнаған орта. Жанұядағы...

Алматы волонтерлері ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет»...

В Алматы воспитанники детских домов осваивают профессии бесплатно

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» проходят бесплатные...

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері мамандықтарды тегін меңгеруде

Алматы қаласында «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне...