Ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкір — Мейрамбек Бесбаев

Мейрамбек Бесбаев бірнеше күн бұрын ауырып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Әріптестері қолдау көрсетіп, халқы дұға-тілегін білдірді. Аурудан айыққан әнші көпшілікке алғасын айтты, деп жазады stan.kz.

«Ең әуелі еміме шипа беріп, ел қатарына қайта қосқан Аллаға сансыз шүкірлік. Менің тілеуімді тілеп отырған ата-анама, отбасыма, бауырларыма, өнердегі аға-әпкелеріме, достарыма мың алғыс. Ес білгелі бері елім алақанына салып әлдилеп келеді.

Қадірлі ағайын, сіздердің тілектеріңізге басымды иіп рахметімді айтамын. Ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз. Айналайын ағайын, індеттің бары рас. Сақтаныңыздар, күтініңіздер. Бірінші байлық денсаулық екенін есте ұстайықшы. Қорыта келе, мен үшін алаңдаған баршаңызға рахмет. Мен сіздерді жақсы көремін. Ауырмаңыздар!», — деп жазды Бесбаев парақшасында.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, Алматыдағы ауруханаға түсті. Бұл туралы «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай мәлімдеді.

ЦИРКУЛЯРЛЫҚ ЭКОНОМИКА: ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда әлем елдері экономикалық дамудың жаңа жолдарын іздестіруде....

Бизнесті құқықтық қорғау: әділ сот төрелігінің кепілі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабына сәйкес әр азаматтың, соның ішінде...

Әкімшілік істердегі медиация

Қазіргі таңда сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі –...

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартудың негіздері

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу – еліміздегі кәсіпкерлік және қоғамдық...

Former French Ambassador Lectures at Narxoz University

At my invitation, French diplomat Mr Pierre Andrieu visited...