Экс-шенеунік Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты

Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астананың Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 8 жыл 6 айға сотталды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Мажағұлов не үшін сотталды?

2024 жылы қыркүйекте Астанада Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталды. 

2016 жылы Астана күніне орай салынған Күн субұрқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмеген. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған. Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Салдарынан бұл нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазір апат жағдайында тұр. Ұрланған қаражаттың көлемі 1 млрд теңгеден асқан.

Сол кезде күдікті ретінде Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Мажағұлов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Соның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер де бар.

Мажағұловтың соттағы соңғы сөзі

Экс-шенеунік 2025 жылы 31 қаңтарда өткен сотта тағылған айыптар бойынша өз кінәсін толығымен мойындамады.

«Мұның бәрі ойдан шығарылған, ешқандай дәлел жоқ. Өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Оның үстіне кінәсіз екенім сотта толық дәлелденді. Сонда да сынбаймын. Өз шындығымды соңына дейін дәлелдеймін, өйткені балаларыма керекпін. Маған тағылған айыптың бәрі негізсіз. Іс материалдарында менің шотыма ақша аударылғаны немесе менің тарапымнан заңсыз баю дерегі анықталған жоқ. Банктердегі барлық шот тексеріліп, заңсыз алынған мүлік табылмады», — деді Мажағұлов соңғы сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.